Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаскелеңдік дәрігерлер жаңа туған сәбиді миллион теңгеге сатпақ болды

Қаскелеңдік дәрігерлердің басы даудан арылмай-ақ қойды. Бұл жолы медицина қызметкерлері бала сату үстінде қолға түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз кызметінің хабарлауынша, анонимдік арыз түскеннен кейін Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы мен Қарасай ауданының полицей қызметкерлері арнайы тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде жаңа туған сәбиді сатуды ұйымдастырған топ құрықталды. Олар баланың құнын миллион теңгеге бағалаған.

Оқиға сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркеліп, 2 бөлімнің 135 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (Кәмелетке толмағандарды сату).

Ұсталғандарға қатысты шара қолдану мәселесі шешіліп жатыр. Сонымен қатар, күдіктілердің арасында медицина қызметкерлері де бар. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау