Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпқой боксшы тамақты асығып жеймін деп қайтыс болды

Боксшы Марио Мело круассандарды жылдам жеу жарысында аяқ асты қайтыс болып, жүздеген адам оның өліміне куә болды. Қайғылы жағдай Аргентинадағы Мар-дель-Плата қаласының маңындағы Пинамар шипажайында орын алған.

Кәсіпқой боксшы круссандарды асығып жеймін деп қайтыс болды

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жарыс басталған бойда Мело круассандарды асығып-үсігіп жей бастаған. Алайда үшіншісін жеп жатқан кезде қақалып қалды. Тамақтың бөлшегі оның тыныс жолдарында тұрып қалып, салдарынан 56 жастағы ер адам қайтыс болды. Айналасындағылар оған көмектескісі келгенімен, кеш болған еді.

Куәгерлердің бірінің сөзінше, бәрі жарысты тамашалауға балаларымен келген көптеген отбасының көз алдында орын алды.

Кәсіпқой боксшы круссандарды асығып жеймін деп қайтыс болды

«Адамдар қайғырып, оның кім болғанын, көпшілікке қалай көмектескенін еске алып жатыр. Ол өте риза болған еді. Круассандарды жейтінін айтып, көп адамды шақырды. Оның осылайша аяқ астынан қайтыс болғаны жанымызға батады», – дейді боксшының досы Мигель Ледесма.

Кәсіпқой боксшы круссандарды асығып жеймін деп қайтыс болды

Марио Мело америкалық боксшы Майкл Мурермен жекпе-жекте WBA нұсқасы бойынша ауыр салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атағына үміткер болған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау