Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпкерден сыйлық: Ақтөбелік студенттер үйлену тойын тегін жасай алады (фото)

Ақтөбеде кәсіпкер Ербол Байжарқынов студенттерге арналған асханамен қатар салтанат залын да салып берді.

Кәсіпкерден сыйлық: Ақтөбелік студенттер үйлену тойын тегін жасай алады (фото)

Бұл туралы «Диапазон» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Кәсіпкер Ербол Байжарқынов ақтөбелік студенттерге арнап үйлену тойын өткізуге болатын 200 адам сыятын салтанат залын салып берді. Мұнда олар үйлену тойын тегін өткізе алады. Меценат салтанат залын жалға беру үшін ақша алмайды.

Кәсіпкерден сыйлық: Ақтөбелік студенттер үйлену тойын тегін жасай алады (фото)

Мұнда алкогольді ішімдіктерге тыйым салынған. Ал үлкен залдағы жас жұбайлар отыратын төрдегі орын киіз үй пішінінде жасалған.

Кәсіпкерден сыйлық: Ақтөбелік студенттер үйлену тойын тегін жасай алады (фото)

Мұндай залдың ерекшелігі сол, жас жұбайлар отырған орнынан қозғалмастан арнайы лифт арқылы жертөле бөлмесіне түсе алады. Ол жерде дәретхана, сұлулық салреы бар. Сонымен қатар жертөледе үйлену тойына арналған киімдер жалға беріледі. Сондай-ақ, мұнда асүй де қарастырлыған.

Кәсіпкерден сыйлық: Ақтөбелік студенттер үйлену тойын тегін жасай алады (фото)

«Бізде тойды есте қаларлықтай етіп өткізу үшін не істейтіндерін білемін. Ол үшін несие алады. Ендігі мейрамхананы жалға алудан үнемделген ақшаға жас отбасыға пайдалы бірдеңе алып беруге болады. Мен үйленген кезде бәрі әлдеқайда қарапайым еді.Әрі шығын да аз болатын. Үйдің ауласында шатыр құрып, қонақ шақыратын», – дейді кәсіпкер.

Кәсіпкерден сыйлық: Ақтөбелік студенттер үйлену тойын тегін жасай алады (фото)

Салтанат залына табиғат бейнеленген суреттер ілінген. Тіпті олар терезедегі перденің де орнын алмастырған. Ербол Байжарқыновтың сөзінше, мұндай зал әлемнің еш жерінде жоқ көрінеді.

«Заманауи әрі жайлы болу үшін, ең жақсыларын қолдануға тырысып жатырмыз. Салтанат залының құрылысына жарты жыл уақыт қажет болды. Бүге-шігесіне дейін бақыладық. Зал тойдан бос уақытта бос тұрмайтын болады. Жертөледе кампьютер залы бар. Егер жатақханада сабақ оқуға мүмкіндік болмаса, студенттер ос жерге келіп, дайындала алады. Олар үшін мұндай қызмет те тегін ұсынылуда. Сонымен қатар  караоке де болады», – дейді Ербол Байжарқынов.

Кәсіпкерден сыйлық: Ақтөбелік студенттер үйлену тойын тегін жасай алады (фото)

Салтанат залының ашылу рәсімінде кәсіпкер қонақтарды бай әрі мол дастарханмен қуантты. Сондай-ақ концерттік бағдарлама қойылып, айтыс өткізілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау