Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ долларының құны 375,24 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары, еуро, қытай юані және теңгемен есептесу бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 19 мүшесі қатысты. pogudx422kk5qadp1.2439a5cd

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 375,24 теңгені (-5,06 теңге), ал сауда-саттық көлемі- 34 050 мың АҚШ долларын (-1 050 мың USD) құрады. Бұл 26 қаңтардағы күндізгі сессиямен салыстырғанда 5,36 теңгеге төмен.

Есептесуі T+0 теңгемен еуро және АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте сұраным бір юаньға 56,8271 теңгені (-0,5229 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі – 700 мың юаньді құрады.

Доллар бағамы негізінде таңғы сессиядағы алғашқы сауда 375,45 теңгемен басталды. Саудада ең төменгі келісім 374,5 теңгемен, ал жоғарысы 376,5 теңгемен жасалды. Ақша айырбастау орындары долларды 376-377 теңге аралығында сатып жатыр.

Талқылау