Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарызын алуға кетіп қайтып оралмады: Алматылық жігіттің өліміне күдіктілер ұсталды

Алматы облысының полиция қызметкерлері қарызын алуға шығып, қайта оралмаған Зинур Хамитовты өлтірді деген күдікпен төрт адамды ұстады, деп жазады Stan.kz ақпараттық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Қарызын алуға кетіп қайтып оралмады: Алматылық жігіттің өліміне күдіктілер ұсталды

Бұған дейін 23 тамызда Зинур Хамитовтың анасы Алматы қаласының полициясына арыз жазып, Талғар ауданына қарыз ақшасын алуға кеткен ұлының үйге қайта оралмағаны туралы хабарлаған болатын.

Өкінішке орай 24 тамыз күні кешке Зинурдың өлі денесі табылды. Жас жігіттің зорлық-зомбылықтың белгілері бар денесі Талғар ауданындағы бау-бақшаның бірінен табылған.

Қазір Зинур Хамитовтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алматы облысының полиция қызметкерлері 24 жастағы жігіттің өліміне қатысы бар адамдарды анықтау үшін барлық қажетті шараларды ұйымдастырды. Бүгінде ақшасын алуға шығып, үйіне қайта оралмаған жігітті өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды.

«Зинур Хамитовтың өліміне қатысты 1994-1998 жылдары туған төрт азамат ұсталды. Бұл қылмыс бойынша «адам өлтіру» бабына сәйкес алдын ала тергеу жұмыстары жалғасуда. Ұсталғандар қазір Талғар ауданының уақытша ұстау абақтысында қамауда отыр»,- делінген хабарламада.

Ішкі істер департаментінің хабарламасына сүйексек, қылмысқа қатысты заттық дәлелдер бар, сондай-ақ күдіктілердің өзі де кінәларын мойындаған.

Айта кетейік, бұған дейін қарыз ақшасын алуға шыққан алматылық жігіттің із-түссіз жоғатып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Талқылау