Қарумен қорқытып, кассадағы ақшаны алып кетті: Елордада дүкен тонаушы жасырын камераға түсіп қалды (видео)
Елордалық полицейлер Нұр-Сұлтан қаласында дүкен тонаған жас жігітті қамауға алды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Бетін медициналық маскамен жасырған қылмыскер сатушыны пневматикалық қарумен қорқытып, кассадағы ақшаны беруге мәжбүрлеген. Осыдан кейін ол ақшаны алып қашып кеткен. Бірақ, тонаушы алысқа барып үлгермеді.
Елордалық полиция депертаментінің жедел қызметкерлері ұрыны тез арада анықтап, қолға түсірді. Ол Алматы облысының 23-жастағы тұрғыны болып шықты.
Қазіргі уақытта ұры уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Оның үстінен «Тонау» бабы бойынша тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ, дәлел ретінде күдіктіден айғақты зат тәркіленді.
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"
Жамбыл облысында ер адам аяғы ауыр әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып тастаған
Ер адам әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып-соққан