Карина Абдуллина өзі бір көргеннен ұнатқан жас жігітті іздеп жүр

Дүйсенбі, 15 Тамыз , 2016 11:47

Әнші жанармай бекеттерінің бірінен көріп ұнатқан жігітті іздеп жүр. Ол оның көзінен ерекше бір дүниені байқағанын айтады.

0527

Фото: facebook.com/karina.abdullina.3

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Карина Абдуллина бірнеше күн бұрын Алматы қаласының жанармай бекеттерінің бірінде көріп қалған жігітті іздеп жүр. Әлгі жігітпен көздері түйісіп, бір-біріне ұзақ уақыт қарап тұрған екен.

“Бүгін “Ритц Палас” жанындағы жанармай бекеттерінің бірінде жас жігітпен көзіміз түйісіп қалды. Ол маған қадалып қарап тұрды, мен де көзімді алмай ұзақ қарадым. Кезек көп болған соң орынды босатуым керек болып асығыс жүріп кеттім. Бірақ сол сәт есімнен кетер емес. Жігіт! Фейсбук желісінде бар болсаң, маған жекеге жаз. Сенің көзіңнен өзім іздеген дүниелерді таптым”, – дейді Карина Абдуллина.

Әншінің бұл жазбасы жұртты қайран қалдырды. Небәрі екі күннің ішінде 5 мыңға жуық лүпіл басылып, 2 мыңға жуық пікір жазылған екен. Мұнымен қатар, көптеген ер азамат өзін әлгі жігітпін деп таныстырып жатыр. Әзірге әншінің әлгі жігітпен тілдескен-тілдеспегені белгісіз.

“Карина, сіз ол жерге кезексіз кіріп кеткендіктен солай қарауға мәжбүр болдым. Мен сізге көлігімнің шамын жақтым емес пе?!”, “Жарайсыз! Аяғы тәтті болсын”, “Карина, әлгі жігітті тезірек жолықтыруыңызға тілектеспін”, “Сиқырлы ертегінің аяғы жақсы болсын”, “Ол жігіттің көздері арқылы сізге Жаратқан қарап тұрды. Ол сізге барлығының жақсы болатындығын жеткізгісі келген сияқты” дейді желі қолданушылары. Мұнымен қатар, арасында “Неге екенін білмеймін, бірақ мұны Каринаның өзі жазғанына сенбеймін” деп күдіктенгендер де болды.


Жіберіп алмаңыз:

Қарағандыда Болат Сыздықовты еске алу кеші өтеді

Болат Сыздықовтың неден қайтыс болғаны белгілі болды

Болат Сыздықовты Батырхан Шүкеновтің жанына жерледі

Өнер жұлдыздары Болат Сыздықовтың жақындары мен тыңдармандарына көңіл айтты (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар