Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Карелия тұрғыны құтқарушылар жеткенше бірнеше баланы өзі құтқарған

Владимир Дорофеев және бірнеше ер адам дауылда зардап шеккен балаларға көмек қолын созу мақсатында қайыққа отырып, өздері жолға шыққан. Пряжинск тұрғыны журналистерге балаларға көмектесу үшін  құтқарушылар келмей тұрып қандай әрекет жасағандарын айтып берді.

құтқардыыыы

Бұл туралы  life жаңалықтар сайты жазды.

“Біз судың екінші бетіне жүзіп өттік. Катамаран ішіндегі жабдықтардың арқасында балалармен байланыс орната алдық. Оларды тексеріп, аман екендеріне көз жеткіздік. Аман қалған балалар  бізге суға құлағандарды  толқын қай бағытқа алып кеткенін көрсетіп берді. 300 метр шамасындағы аралыққа жүзіп бардық. Сол жерде көзімізге целлофон түсті, сол жерден 5 баланы таптық. Көрші аралдан тағы бір қызды тауып алдық. Меніңше оның есімі Ксюша»,-деді Владимир Дорофеев.

Осыдан кейін белсенділер өзен жағасына түсіп, айналаға жаяулатып іздестіру жұмыстарын жүргізген.

«Өзім тұрған жерден 50 метр жерде шөгіп жатқан қызды көрдім. Оны құтқарғаннан кейін тағы бір баланы таптым. Сол аралықта құтқарушылар келіп жетті. Оларға болған жайтты түсіндіріп бердім»,-дейді ол.

Талқылау