Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Кардашьян маза бермеді”: Мақпал Исабекова тағы да стилін өзгертті

Стилін өзгертіп, тәжірибе жасаудан қорықпайтын Мақпал Исабекова тағы да елді шулатты. Әнші шашын күлгін түске бояп тастады, деп жазады Stan.kz.

макпал кардашьян

Есті тыңдарман Мақпалды әркез шетелдік жұлдыздарға еліктейді деп сынайды. Исабекованы біресе әнші Бейонсемен, біресе атақты модель Ким Кардашьянмен салыстырантындар көп. Оған Мақпалдың құлағы әбден үйренген.

Әнші өзін мұндай салыстыруларға еш ренжімейді де. Себебі оның айтуынша, әлемге танымал сұлу бикештерге ұқсағанда тұрған еш айып жоқ.

“Ким Кардашьянның танымалдылығы маза бермей жатыр. Суымаған із бойынша жүріп барамын”, – деп жазды Мақпал кезекті образын тыңдармандарына көрсетіп.

Өз кезегінде желідегілер екі топқа бөлініп алды. Көпшілік әншінің батыл екенін айтып, жаңа образын ұнатса, бірлі-екілі оқырмандар қазақ қызының образынан мүлдем алшақтап кеткен Мақпалды сынауда.

Жіберіп алмаңыз:

“Алматы аруы-2017” атағын жеңіп алған сұлу жайлы не білеміз (фото)

Тұрсынбек Қабатовтың қызы ЭКСПО-ның жабылуында Елбасымен бірге сахнаға шықты (фото, видео)

Карина Абдуллина сүйіктісінің тыржалаңаш суретін көрсетіп қыздарды еліктіріп қойды (фото)

Баян Есентаева инстапарақшасын екі жылдан бері үзбей оқып жүрген оқушы қызбен кездесті

 

Талқылау