Қаражатын ауру балаларға берген қарағандылық Үндістанда емделетін болды

Дүйсенбі, 29 Ақпан , 2016 10:42

Өзіне жиналған барлық қаражатты балаларға бөліп берген, сал ауруына ұшыраған Қарағандылық Нияз Сундеталиевтің қайырымдылық ісіне көпшілік таңғалып, ерекше құрмет білдірген болатын. Ал MedIndia компаниясының директоры Анна Вербина Ниязды Үндістанда емдетуге ниетті.

vc

Бұл туралы nv.kz сайты хабарлайды.

“Олар өте керемет жомарттық көрсетті. Ол өзіне қарағанда ауру балаларға жаны ашиды. Мен оның мұндай тәуекеліне тәнті болдым. Сосын оны 30 күнге Үндістандағы Фортис госпиталінде емдеу-сауықтыру курсын қабылдауға шақырамын. Егер, ол менің шақыруымды қабыл алса сондай бақытты болар едім, әрі мұндағы дәрігерлер оның аяққа тұрып кетуі үшін аянбайды”, – дейді Анна.

Компания қазірдің өзінде виза мәселесін реттеуге кірісіп кетті. Наурыз айында Нияз Үндістанған жол тартпақ.

Еске сала кетсек, 2012 жылы Нияз Сундиталиев төртінші қабаттың терезесінен құлап, сал ауруына шалдыққан. Жерге құлаған оның омыртқасы зақымданған. Бірақ, достары оның еңсесін түсірмей оған 5,5 миллион теңге жинап берген. Алайда, Нияз жиналған барлық ақшаны ауру балалардың емделуіне жұмсайтынын айтқан еді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Нияз Алла колдап аягыннан турып кетуине тилектеспин. Жолын болсын.Бауырым.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар