Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қараудың өзі қорқынышты: Балаларға арналған ертеңгіліктегі сайқымазақ жұртты шошытты (видео)

Астанадағы «Қазақстан» концерт залында өткен шыршада сайқымазақ түріндегі кейіпкер қорқыныштылығымен балаларды ғана емес, ересектерді де шошытты, деп жазады Stan.kz.

Қараудың өзі қорқынышты: Балаларға арналған ертеңгіліктегі сайқымазақ жұртты шошытты (видео)

Қолданушы Bibinur Moonart Facebook желісінде ертеңгіліктің видеосын жариялады.

Желідегі пікірлерге қарағанда, мейірімділіктің зұлымдықты жеңетіні көрініс табатын ертегілік шарадан мұндай қорқынышты сайқымазақты көреміз деп ойламаған.

Түрі адамшошытарлық сайқымазақ ертеңгілікке келген балаларды қорқытпаса, қуанта қоймағаны анық. Оның жанында ертегі кейіпкері Жалмауыз кемпірдің өзі сүйкімдірек тәрізді.

Желі қолданушылары мерекелік шараға қатысқан мұндай кейіпкерді жақтырмай қалып, жағымсыз пікірлерін жаудырды.

«Сұмдық», «Шыршаға мұндай кейіпкерді не үшін шақырған? Балалардың бірі шошып, жылап қалса ше?», «Қараудың өзі қорқынышты екен», – дейді пікір қалдырушылар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау