Қыдырәлінің “тоқалын” жұрт алдында Қарақаттың өзі көрсетті (видео)

Бейсенбі, 7 Шілде , 2016 9:46

Қыдырәлі Болмановқа әріптестері мерейтойлық  концерттен кейін жеңіл көлік сыйлады.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қарақат пен Қыдырәлі Астанада өткен концертте  “Тоқал” мәселесіне қатысты осыған дейін өздеріне жарнама жасағандарын айтты.

“Мен не істесем де еріммен ақылдасып біргелікте шешім қабылдайтын адаммын. Менің тоқал дегенім мына көлік” деп әнші  су жаңа Toyota Land Cruiser 200 машинасын көрсеткен.

Астана күні қарсаңында “АБК” және “Ұлытау” топтарының мерейтойлық концерті өтті. Аталған концерт басталмай жатып дауға ұласса да, соңы тәтті аяқталған. Себебі, әріптестері жиылып Қыдырәлі Болмановқа темір тұлпар сыйлаған. Бұл қуанышты хабарды продюсердің өзі бөлісті.

“Қарап отырсам өмірде көптеген сыйлыққа ие болып келе жатыр екенмін. Бірнеше көлік те мінгізді. Оның ішінде ескісі де, жаңасы да болды. Бір мәшинені соғып алып, жақсы адамдар екен, аман қалғанымыз үшін деп көлігімді бере салған кездерім де болды.

Қазір мініп жүрген көлікті де бір кездері маған тарту еткен. Оны мініп жүргеніме 15 жылдың жүзі болды. Жазғы демалысқа кеткен кезде өз көлігімді “тюнинг” жасатып, келгеннен кейін жаңа көлік алдық дей саламын деп жоспарлағам. Оны керемет жасайтын мамандармен де келісіп қойғанмын. Әжемнің “Шебер Алла” дейтін сөздері есімнен кетпейді. Солай екеніне көптен бері еш күмәнім жоқ. Мақтанды демеңіздер.

Бұл мен үшін көлік емес, қимас достарымның көл-көсір, ақ-адал ниеттері! Алла разы болсын! Әрқайсысының отбастарына Алла миллиондаған есе қылып қайтарсын. Үйіп-төгіп бақ-береке берсін деп тілеймін! Сіздермен қуанышыммен бөлісейін деген ниет қана”, – деп Қыдырәлі Болманов балаша қуанып тұрғанын жеткізді.

Концерттен кейінгі тосын сый… Көлік құтты болсын Қыдеке…! @kydyrali_bolman @karakat_a

Видео опубликовано Айнур Турсынбаева (@aidyn_nury)

Мұнымен қатар, концерттің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Астана әкімдігінің мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов мырзаға алғысын жеткізді. Ал концерт басында орындарға байланысты болған шулы мәселенің әзірге қалай шешілгені белгісіз.


Жіберіп алмаңыз:

Қыдырәлі Болманов Төреғалидің қатысуымен Қазақстанда ешкім қойып көрмеген концерт жасамақ

Қыдырәліге ерекше сый жасағысы келген Қарақат жұрт алдында тоқал алып беруге уәде етті

Әріптестері Қарақаттың Қыдырәліге тоқал алып беруіне қатысты пікір білдірді

Қарақат Қыдырәліге тоқал сыйламақ болған себебін түсіндірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

20
Комментариев
  • Анонимно says:

    Көлікте сыйлық бопты ма яхта сыйлау керек еді.

  • Анонимно says:

    Каракат жан бiр кездерi сенiнде кемшiлiктерiн коп болды,Артыныздан осек аяндарда ердi.Суттен ак судан таза болып журсiн.Оз кiнанiздi озiнiз жаксы бiлетiн шыгарсыз.Кыдекене он токал алуга болатындай карыздарсыз.Казiр дым бiлмегенсiп журсiз.Кыдекене тандап турып токалды озiн айттырып алып бер.Аз маз кунан шайылар.

  • Анонимно says:

    солда жаналык па

  • Анонимно says:

    Токал дегени машинаго
    Ондай кате пикерде болманыздар
    Ким оз жарын баска мен болиседы

  • Анонимно says:

    Мен оз басым суйген жарымда баска биреумен болыс алмайды екенмын.
    Каракат калайша суйген жарын баска биреумен болиседы.Калайша токал апереды.Ёще канша балдары бар .

  • Анонимно says:

    Машина деген заманауи тоқалғой

  • Адемау says:

    Тамаша! Құтты болсын!

  • Шымкенттен says:

    Токал алып берип жатыр ане деп аиелиме аитып сенде апермеисинбе енди уиретип жатыр едим ал не болды жаксыма енди осы Кыдыралини еркек екен деп аитып жур едим булар халыкты жынды кылып жур екен . Енди сендердин созине ким сенеди енди

  • Шымкенттен says:

    Талкылауды бастаиык. Бугинги такырып Биреулер жумыс таппаи сандалып жур оданда мынандаи такырып болмаима мысалы пособия 3 есеге кобеиетин болды, босанган аиелдерге 1 млн тенге беретин болдык т,б кулакка жагымды а

  • Шымкенттен says:

    Ал бугинги такырып табылды .Ал халаиык бастаиык жазындар кеттик. Таяк жерге тасталды

    • Анонимно says:

      Быреу тойып секыреды,быреу тонып секыреды..

      • Анонимно says:

        осыдан басқа талқылайтын ештеңе қалған жоқпа бұндай зпттар керек емес

        • Елена says:

          Қарақаттың айыбы болған соң Баян сияқты болмайын деп машина əперіп алдап қойған ғой күйеуін. Анау оған мəз. Шіркін дүние-ай пенденің көзін байлаған…

          • Сулушаш says:

            Дуние коз байлаган заман болды гой,жел турмаса шоптин басы кимылдамайды,соншалыкты кымбат коликти калтасы калын Карахат ханымнын любовниги аперген болар???

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
11.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар