Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат: Өмірде қиындық көрген жан емеспін

Былтыр қызды болып, арманына жеткен Қарақат Әбілдина биыл дүркіретіп той жасап, туған-туыстары мен әріптестерінің басын қоспақ ниетте. Бұдан бөлек, әнші биыл мерейлі 40 жасқа толмақ. Бұл орайда Әбілдина “Қазақстан” арнасының “Бақытты әйел” бағдарламасына сұхбат беріп, өткен өмірден түйгенімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Отбасылық өмірде болсын, өнерімде, кәсібімде болсын, осы жасыма бір адамдай көкейдегі жүрген арман-тілектерім орындалып, өз жолыммен сатылап келе жатқан жайым бар. Ешнәрсеге өкінбеймін. Құладың-тұрдың деген теңеу де маған келіңкіремейді. Құлап, сүрініп, жылап, аяғымды шалыс басқан жандардың қатарында емеспін. Неге десеңіз, мен бір жылы алақаннан екінші жылы алақанға өтіп отырған, өмірде жолы болған бақытты жандардың қатарына жатқызамын өзімді. Өйткені Аллаға шүкір, ата-анам тәрбие берді, одан кейін нағыз бойжеткен шағымда үлкен Қымбат апайымның тәрбиесін көрдім. Одан кейін Қыдекеңе ұзатылып, мінеки, Қыдекеңнің қамқорлығында келе жатырмын.

Сондықтан да өмірде қатты қиындық көріп, бірнәрсені армандап, соған жете алмау – ондай болған емес. Өмірде қиындық көрмеген жандардың қатарындамын. Ол материалдық жағдай болсын, басқа болсын. Аллаға шүкір, жақындарым қасымда. Барлық мейірімін, жанашырлығын танытып келеді күні бүгінге дейін. Бүгінгі таңда Қарақат болып қалыптассам, сол ақтілеулі жандардың маған берген тәрбиесі. Шүкір етемін, құлыншақтарым өсіп келе жатыр. Үш қалада мектебім бар. 400-ге жуық шәкірт тәрбиелеп жатыр екенмін, – дейді Әбілдина.

Тағы оқыңыз: 

Тимати өз дәмханасында Ерке Есмаханның әнін қойып, қазақ әншісіне тосынсый жасады

Жұлдыз Әбдікәрімова: Әр адамның айтқан сөзін көңілге алсаң, түбінде ауру боласың

Еріншек сұлу бола алмайды: Баян Мақсатқызы сұлулығының құпиясымен бөлісті

Толық, шаршаңқы, жылауық: Қазақстандықтар Салтанат Бақаеваға қолдау білдірді

Талқылау