Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат Әбілдина бет әлпеті арқылы адам мінезін анықтауды үйретті

Танымал әнші Қарақат Әбілдина өзінің инстаграмдағы парақшасында адамның бет әлпетіне қарап мінез-құлқын ажыратуға болатындығы туралы жазды.

Ол өз парақшасында “Ғылыми жұмыстар жүргізіп, адам табиғатын зерттеушілердің, көнекөз қариялардың болжамы бойынша «Адамның беті – ішкі жан-дүниесінің айнасы» – деп жазады. Назарларыңызға әнші жазған мінездемелерді ұсынамыз.

  1. Дөңгелек жүзді адам айналасына жайлы, төңірегіндегілерге қолайлы жағдай жасай алатын жан. Олар турашыл, еңбекқор, жақсы қасиеттері үнемі көбейе түсетіндер.
  2. Маңдайы жалпақ, иегі сүйірленіп, үшбұрыштанып келген адамның есте сақтау қабілеті жақсы, бірақ мінезі құбылмалы. Өте сезімтал, содан қолға алған ісінен тез жалыға салатын кездері көп.
  3. Ат жақты кісі жұртты бір іске бастауға икемді, зиялы, ұйымдастыру қабілеті мол. Қажыр-қайраты, ерік-жігері бір басына жеткілікті.
  4. Қырынан қарағанда томпақ бет болып көрінетін адам қалжыңқой, ақжарқын.

Бет-әлпеттің жеке бөліктері бойынша:

  1. Кең маңдай – ақыл-ой кемелділігінің белгісі.
  2. Тар маңдайлы адам құнтты, пысық.
  3. Орташа маңдай – есті адамның белгісі.
  4. Жіңішке қас – талғампаз, кірпияз, ашуланшақ жанға тән.
  5. Түзу қастың иесі – елгезек, тіл алғыш.
  6. Қиылған қарлығаш қас – қиялшыл, арманшыл адамдарға бітеді.
  7. Екі қастың арасы бір-бірінен алшақ тұрса, ондай адам басқалардың ықпалына тез түскіш.
  8. Қастың арасы түйісіп тұрса, ол адамның жүйкесі мықты.
  9. Дөңгелек көздің иесі – кім көрінгенге сене салатын аңқау.
  10. Қиықша көз – зеректіктің, тіпті кейде қулықтың да белгісі.
  11. Қысық көз – шулы жерді ұнатпайтын кісікиік жандарда болады.
  12. Үлкен мұрын – қызба, ұрыншақ, қызуқанды адамдарға бітеді.
  13. Кішкентай мұрын – өмірден көп нәрсе талап ете бермейтін жанға тән.
  14. Қусырылған мұрын – ашуланшақ, ызақор адамдардікі.
  15. Жалпақ мұрын иесі – қамсыз, уайымсыз, сөзінде тұра бермейтін кісі.
  16. Ұзын мұрын – иесінің қорқақ, сақ екенін танытады.
  17. Кішкентай мұрынды адам – жайдары мінезді.
  18. Мұрыны орташа адам – шыншыл, сенімді.
  19. Үлкен ауыз – ақкөңілділіктің және елден ерекшеленіп көрінуге құштарлықтық белгісі.
  20. Кішкентай ауыз – уақ, сараң, өзімшіл адамдарға тән.
  21. Ұзын иек – қырсықтықтың, қысқа иек – ұшқалақтықтың белгісі.

Жіберіп алмаңыз: 

Шашты қалың әрі әдемі етіп тез өсіруге арналған 15 кеңес (фото)

Әйелдерге не үшін бетті қыруға кеңес беріледі

Ғалымдар әлемдегі ең сұлу келбетті анықтады

 

Талқылау