Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат Әбілдина Ақтөбеде лифтіге қысылып көз жұмған журналистің отбасымен кездесті

Қарақат Әбілдина былтыр Ақтөбеде лифтіге қысылып көз жұмған журналистің артында қалған отбасымен кездесті. Әнші көзі тірі кезінде Айзат Әбдісаматпен жақсы араласқан, деп жазады Stan.kz.

Қарақат Әбілдина Ақтөбеде лифтіге қысылып көз жұмған журналистің отбасымен кездесті

Әбілдина Айзаттың артында қалған қызы Іңкәрдің сөзін елге жеткізіп, көптің көзіне жас келтірді. Айтуынша, сол бір қаралы күні лифтіге анасымен бірге мінген кішкентай бүлдіршін болған оқиғаны бүкпесіз баяндап отыр.

“Ақтөбеден марқұм Айзатымның жолдасы Қайрош пен қызы Іңкәр Астанаға апаларын іздеп келіпті. Алтындарым-ау, жантүршігерлік оқиғаны бастарынан кешкендеріне бір жылға жуық уақыт өте шыққан екен. Көз алдында жан тапсырған анасымен болған лифтідегі қаралы оқиғаны үлкен адамдарша әңгімелеп айтып отыр. Мамамның аяғын лифт қысты да, ол ұшып кетті дейді. Жарығым-ау, жазмышқа не дерсің?! Жаратушы иеміз жарылқасын. Ақтөбеге барсам бір іздеп барармын деп жүргенде өздерінің іздеп келгеніне ішім жылып, біраз шер тарқатып, аяулы жанның асыл бейнесін есімізге алып артында қалған қызына қарап ‘шүкір’ дестік. Жұмадағы тілеген тілектер қабыл болсын! Әр отбасына бақыт тіледік!” – деп бөлісті ол желідегі парақшасында.

Естеріңізде болса, Айзат Әбдісамат былтыр сәуір айының 4-і күні өз үйінің лифтіне қысылып, көз жұмған еді. Жас ана жергілікті телеарналардың бірінде тележүргізуші болып қызмет атқарған. Қайғылы оқиға болған күні Айзаттың жанында кішкентай қызы болған. Ал аталған іс бойынша 2018 жылдың қазан айында кінәлілерге үкім шыққан болатын. Сот үкіміне сәйкес, қызмет көрсетуші компания директоры Кенен Жаңабеков пен механик Жарылқасын Ақжанов ҚР ҚК 306-бабы 3-тармағы (Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету салдарынан абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер) бойынша кінәлі деп танылған. Алайда көп ұзамай кінәлілердің бірі бостандыққа шықты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау