Геннадий Головкинді туған жері Қарағандыда қалай қарсы алды? (видео)
Кәсіпқой бокстан WBA, IBF, WBC, IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин туған жері Қарағанды өңіріне табан тіреді. Ол өзінің атымен аталатын спорт кешенін ашу салтанатына қатысты.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Генаны күтіп алуға жүздеген қарағандылықтар жиналды. Олар боксшыға қошемет көрсетіп, оны сән-салтанатпен қарсы алды.
Жиынның ресми бөлігі аяқталғаннан кейін, жас спортшылар жаңа кешенде алғашқы жаттығуларын өткізді.
Жаңа дене шынықтыру-сауықтыру орталығы Қарағандының Майқұдық өңірінде бой көтерді.
Айта кетейік, кешеннің құрылысы 2014 жылы басталған. Ғимараттың жалпы аумағы – 2384,3 шаршы метр.
Жіберіп алмаңыз:
Телебағдарламаға қатысқан Головкин Канелоны қалай нокаутқа түсіретінін айтты (видео)
Қанат Ислам IBF рейтингінің үштігіне енді
Джеки Чанмен вальс билеген Динара Сәтжан желіні “жарды” (видео)
Әртістерден құралған “Алатау” футбол командасы Түркия құрамасын жеңіп кетті
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан