Қарағандылық сегіз жыл бұрын ұрланған көлігі үшін салық төлеуге мәжбүр

Қарағанды тұрғыны сегіз жыл бұрын ұрлап кеткен көлігі үшін салық төлеуден бас тартуда. Алайда салық органдары азаматқа салық қарызын есіне салады, тіпті шотынан 70 мыңға жуық теңгені шешіп алған екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі «5 канал Караганда» телеарнасына сілтеме беріп.

Қарағандылық сегіз жыл бұрын ұрланған көлігі үшін салық төлеуге мәжбүр

Вячеслав Шипицын бұрын соңды Мерседес маркалы автокөліктің иесі болған, бірақ екі жылдан кейін, 2010 жылы оның көлігін ұрлап кеткен. Полиция қызметкерлері тұрғынға көлікті тіркеуден алмауына кеңес беріп, мүмкін табылып қалар деп сендірген. Бұған сенген Вясечлавқа іздеу барысы кезеңінде көлікке салық салынбайды деп мәлімдеген. Дегенмен, ұрланған көлік үшін салық салынған көрінеді.

Вячеславтың айтуынша, оны сотқа беріп, тіпті сот алдында оны үлкен көлемде салық төлемеген азамат ретінде таныстарған екен.

«Мен мемлекеттен көмек сұрадым, көлігімді ұрлап кетті деп. Соңында өзім мемлекет алдында ұрланған көлігім үшін салық төлемегенім үшін кінәлі болып шықтым», – дейді ол.

Көлігін тіркеуден 2014 жылы алған тұрғынның төрт жылдағы салық көлемі 114 мың теңгеге жеткен. Биыл зейнетке шыққан Вячеславтың шотынан ешқандай ескертусіз сот орындаушылары айына 20-30 мың теңгеден шешіп алады. Және мұндай жағдайды Қарағанды  қаласында көптеп кездестіруге болатынын айтады.

Вячеслав соттың шешім бойынша қанша арыз жазса да, салық органдары оған ақшасын қайтарудан бас тартқан. Ал себебін мерзімі өтіп кеткен деп түсіндіруде.

Облыстық мемлекеттік кіріс департаменті өкілінің айтуынша, көлікті ескі заң жүзеге асқан кезеңде ұрлағандықтан, жаңа заңның Шипицынға қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Ал полиция қызметкерлерінің түсініктемесі бойынша ұрланған көлікті тапқан жағдайда оны қайта тіркеуге болатындығын айтуда.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар