Қарағандылық отбасы жеті баламен ашық аспан астында тұрып жатыр (видео)

Қарағандыда батыр ана жеті баласымен далада түнеп жүр. Адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатқан отбасы қаражаттың жоқтығынан жалдамалы пәтерден қуылдық дейді. Көпшіліктің қолдауымен жер сатып алыпты. Бірақ, бір лашық тұрғызуға көк тиындары жоқ.

дала

Отағасының тұрақты жұмысы болмағандықтан, әр жерде қара жұмысқа жегіліп, бес-он мың ақша табады. Ол үлкен отбасының  нан-суынан артылмайды екен. Дүние-мүлкін ашық аспан астына жайып, бір айдан бері ағаш көлеңкесін паналауға мәжбүр болған отбасының жағдайын Stan.kz  сайтының өңірдегі тілшісі біліп қайтқан еді.

«Менің үйім болса, төсегімді жинап, ойыншықтарымды реттеуші едім. Бар арманым анама пәтер алып беру»,-дейді екінші сынып оқитын Әлішер Жақыпов

Оның қазіргі бар арманы анасына баспана алып беру. Ойын баласы қатарластары сияқты қымбат телефон, сәнді киім емес,отбасымен бірге тұратын  баспана армандайды. Өйткені, көз ашқалы көргені осы.

Ал, осы соңғы бір айда тіпті, үй қожайындары  жалдамалы пәтерлерінен қуып шығып, далада қалған.

«Не үшін екенін өзім білмеймін. Ақшасын аздап төлеп отырдық. Енді далада қалдық. Кеше екі күн жаңбырда анау қалың целофан қорғанымыз болды»,- дейді көп балалы ана Әсемгүл Жақыпова.

Жеті баланың анасы күміс және алтын алқа иегері «Үкіметтің таққан төс белгілерінің еш көмегі жоқ, тек айына 13 мың теңге аламын» дейді.

Осыдан тура 12 жыл бұрын баспана кезегіне тұрған отбасын әкімдіктегілер белгісіз себептермен 2012 жылы тізімнен шығарып тастапты. Бармаған жері, баспаған тауы қалмаған соң ел-жұрттан көмек сұрауға кіріскен. Соның арқасында бір кәсіпкер бос жатқан жерін арзанға сатыпты.

«Осы жерді бөліп-жарып төледік. Әкімшілікке барсақ, «баланы біз үшін туған жоқсың» деп есіктерін ашпайды. Кезекке қайта қойды. Енді менің алдымда 4000 отбасы бар. Қанша уақытта келерін білмеймін. Сонда мен кімнен көмек сұрауым керек? Балаларым сабақты жақсы оқиды. Менің бар арманым бір баспаналы болу»,-дейді жеті баланың анасы.

Бұл отбасының киімдерін арқалап далада жүргендеріне бір ай уақыт болыпты. Қазір мектеп демалысы басталғанымен бұған дейін балалар сабақтан қалып көрмепті.

Бір талдың көлеңкесінің астында асхана, жатар бөлме мен ойын алаңын қолдан жасаған отбасы шенділерден өкмек болмаған соң дүйім жұртқа алақан жайып отыр. Өйткені, егер бір аптада баспана тауып, кірмесе, екі бірдей сәбиін мамандар үкімет қарамағына алып, балалар үйіне өткізбек. Тіпті, батыр анаға ескертпей құжаттарын да рәсімдеуге кірісіпті. Егер үй тұрғызуға не ақшалай көмек көрсетіп, жомарттық танытар азаматтар болса, Әсемгүл Жақыпова өзінің нөмерлерін де берді.

Телефоны: 8705 195-08-82

Халық банкі: №4402570103795116

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
27.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар