Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда денешынықтыру мұғалімі 7-сынып оқушысын 300 рет отырып-тұруға мәжбүрлеген

Қарағандылық  ата-ана баласына 300 рет отырып-тұру жаттығуын жасатқан ұстаздың жазаға тартылуын талап етеді.

400825

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Артур Вундердің айтуынша, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қызына спорт киімін ұмытып кеткені үшін, осындай жаза қолданыпты. Ауыр жаттығудан соң қыздың қос аяғы  жарақаттанғанын дәрігерлер де растаған екен.

Ұстаздың тапсырмасын орындаймын деп екі аяғы зақымданған Вероника Вундердың жағдайы бүгін ғана жақсарды. Алтыншы сынып оқушысы спорт киімін әкелмегені үшін  денешынықтыру пәнінің мұғалімі 300 рет отырып тұру жаттығуын жасауды бұйырғанын айтады.

«Бірақ мен тек 101 мәрте ғана отырып-тұрдым. Ары қарай жасауға күшім жетпеді. Аяқтарымды қойып, барлық денем дірілдей бастады», – дейді 6-сынып оқушысы Вероник Вундер.

Қол-аяқтары дірілдеген күйде Вероника екі күн бойы жүрген. Мұғалімнің қатаң жазасы жайлы ешкімге тіс жармаған. Ал әкесі қызының ыстығы көтерілгенде ғана білдім дейді. Ауыр жаттығудан аяқтарының зақымданғанын медициналық сот сараптамасы да растаған.

«Үш күннен кейін қызым ыстығы көтеріліп тұра алмай қалды. Мен кәсіби спортшылардың өзі 300 рет отырып тұра алмайды. Бұл не деген қатыгездік?», – дейді Верониканың әкесі Артур Вундер.

Ал Вундер отбасының шағымымен таныс білім бөліміндегілер ұстазға шаң жуытар емес. Есесіне, «жаттығуды жақсы баға алғысы келген Верониканың өзі жасауға құлшынған», дейді.

«20-30 рет отырған. Бұл мұғалімнің талабы емес. Бұл күні баланың баға алғысы келген. Біздің қазіргі күнде дәлелдебеген ақпараттар бойынша», – дейді Қарағанды қаласы білім бөлімінің бас маманы Гүлжахан Ибадуллаева.

Дене шынықтыру пәнінің қылығына ашынған әкесінің арызына білім бөліміндегілер 15 күннің ішінде жауап беруі тиіс. Бірақ онда да ұстаздың кінәсі дәлелденсе, жазаланбайды. Өйткені, дене шынықтыру мұғалімі өз еркімен жұмыстан кетіпті. Сондықтан жауапқа тек мектеп ұжымы ғана тартылуы мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-да 19 жастағы жігіт мүгедектігіне қарамастан жеке бизнесін жүргізіп отыр

Алматыда белгісіз біреулер қытайлық бизнесменді оңдырмай сабап кеткен

Талғат Ермегияевтің қымбат автокөліктері сатылымға шығарылды

Талқылау