Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық көліктен қолын шығарып, баласы отырған қоларбаны жүргізген (видео)

Әлеуметтік желіде ерекше бейнежазба пайда болды. Бұл жағдайды Қарағанды тұрғыны телефон камерасына түсіріп алған.

ddd

@shock_krg парақшасында жарияланған видеода, оқиғаның “Ұмай” дүкені алдындағы тұрақта болғаны байқалады. Жүріп бара жатқан көліктен қолын шығарған әйел, бала отырған қоларбаны қатар ұстап жүргізіп отырады. Дәл осылай баланы тұрақ ішінде бірнеше мәрте айналдырып, жүргізіп шыққан.

Қарағандылықтар бұл жағдайға наразылық білдіріп, баланың анасын “соттап” қойды. Пікір қалдырушылар әйелдің дәрігерге қаралуына кеңес берген.

Олар мұндай әрекеттің бала өміріне елеулі қауіп төндіретінін айтып дабыл қаққан. Сәби өміріне немқұрайлы қараған жандар жауапқа тартылып, бала алдындағы жауапкершілікті сезінулері керек дейді олар.

Видеоға түсіп қалған жағдайды қазір полицейлер зерттеп жатыр.

Талқылау