Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық әйел 8 жасар қызына педофил хабарласып маза бермейтінін айтып шағымданды

Қарағандыда педофил сегіз жасар қызға телефон шалып, онымен бірге уақыт өткізгісі келетінін айтып жыныстық ұсыныс жасаған. Оқушының анасының сөзінше, бұл масқараның жылдан астам уақытқа созылып келе жатқанына қарамастан, полиция ешқандай шара қабылдамаған.

cab269733ae83a6404c90ac7121ad33e

Бұл туралы kriminalka.kz хабарлайды.

“Бізге полиция “шыдаңыздар, біз оның тұлғасын анықтауымыз керек” дейді. Олар үшін сапалы аудиожазба керек екен. Ал мен ұсынған аудиожазбаға олар мән беретін емес”, – дейді қыздың анасы Елена.

Әйел өзінің қызына кім хабарласып жүргенін шамамен білетінін, бірақ дәлелдей алмай жүргенін айтады. Ал полицейлер қандай да бір себеппен күдіктіні ұстамай жүр.

“Қызымды жалғыз қалдырмас үшін жұмысымнан да шығып кеттім. Және оны шығарып салып, бірге жүремін. Әжеміз де үнемі біздің қасымызда”, – дейді анасы.

Қыздың өзі де далаға жалғыз шыққысы келмей, өзін біреудің аңдитынын байқайды екен.

“Ол адам біз не істеп жүрміз, қай кезде келеміз, кетеміз бәрін біледі. Соған қарағанда ол бізге жақын маңда тұрады. Полиция материалдардың прокуратураға берілгенін айтады. Ал мен болсам бас прокуратураға дейін арыздандым. Ал олар болса менің тұрғылықты жерімдегі орган шешетінін айтып, хат жолдады. Енді қайда барамын? Әлде әлгі адамның келіп қашан тонап кететінін күтуіміз керек пе?”, – дейді ашынған анасы.

Телефон арқылы жыныстық қысым көрсету өткен жылдың қазан айында басталған. Қызы өзіне Тимур есімді белгісіз біреудің хабарласып, қорқытып жүргенін айтады. Қазіргі таңда қыздың жүйке жүйесінде де өзгерістер пайда болып, болмашы нәрсеге ашулана беретін болған. Нефрологтар да, неврологтар да қыздың психикалық қиындыққа ұшырағанын айтып берген. Тергеушілер қыздан түсіндірме талап етіп, ер адамның не айтқанын сұраған.

“Қызымның жазып шыққанын камасутрамен салыстыруға болады. Әлгі адам қызыма оралды секспен айналысатынын, қай жерінен сүйетінін, қай жеріне қандай әрекет жасайтынын бәрін айтқан. Мұны айтудың өзі сұмдық”, – дейді Елена.

Оқи отырыңыз:

ІІМ WhatsApp арқылы тараған маньяк жайлы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Жаманқұловтың жұбайы: Мұның бәрі кімнің тапсырысы екені белгілі

Елімізде заңды ажырасып бір шаңырақ астында тұра беретін отбасылар пайда болған

Қалыңмалға он мың доллар әкелген құдалар үйдегі үлкен әжейге ешнәрсе кигізбеген

Талқылау