Қарағандыдағы мұғалімге қатысты сот: Қылмыстық істе ол куәгерден бас күдіктіге айналды

Бейсенбі, 29 Қыркүйек , 2016 17:36

Тәжірибелі педагог, Қарағанды мектептерінің бірінің тәрбие жөніндегі директордың орынбасары 45жасар Юрий Пак жалған терроризм бабы бойынша айыпталып, сотталу үстінде. Тергеу мен сот талқылауы кезінде қылмыстық істе ол куәгерден бас күдіктіге айналды.

254793
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Тәжірибелі педагог, Қарағанды мектептерінің бірінің тәрбие жөніндегі директордың орынбасары 45 жастағы Юрий Пак жалған терроризм бабы бойынша айыпталып, сотталу үстінде. Тергеу мен сот талқылауы кезінде қылмыстық істе ол куәгерден бас күдіктіге айналды.

Тергеу болжамына сәйкес, 2015 жылғы 14 сәуірде қарапайым мектеп мұғалімі, оқу орны ғимаратында, өзінің смартфонынан жедел әрекет ету қызметіне хабарласып, қарағандылық ЦУМ-ға жарылғыш зат қойылды деген хабарлама қалдырған. Үрейлі қоңырау түскеннен кейін, оқиға орнына қаланың барлық жедел қызметтері келіп жетті. ЦУМ қызметкерлері мен  келушілері қауіпсіз жерге көшіріліп, ғимарат қоршауға алынды. Бірақ сауда үйі тінтілгеннен кейін жарылғыш зат табылмады. Сол кезде облыстық полиция таратқан баспасөз баянда бірнеше сағаттардан кейін болжамды “телефондық терроршы” ұсталды деп хабарланған.

Дерек бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Қоғам назарына ілінген істің сотта қаралып жатқанына үш айдан асып кетті. Юрий Пак бастапқыда сотта куәгер ретінде жауап берген, кейіннен ол бас күдіктіге айналды. Іс бойынша жәбірленуші ретінде Қарағанды қаласының ІІД, төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма, жедел жәрдем стансасы мен сауда үйі танылды.

Бұл істегі басты айғақ – телефон қоңырауының жазбасы. Сол жазба мұғалім кінәсінің айқын дәлелі немесе ақтауға себеп болып көрінеді. Алайда сот тағайындаған үш дауыс сараптамасы бұл істің мән-жәйін анықтай алмады. Ұстаз дауысының қосымша үлгілері алынып, қылмыстық іске қоса тіркелген диспетчер мен жалған терроршы арасындағы диалог жазбасымен салыстырылды.

“Бірінші сараптама Юраның телефон шалмағандығын көрсетті, ал қалған екеуі сол болғандығын растады. Неліктен? Қателік орын алуы мүмкін. Біздің адвокаттардың пікірінше, бірінші сарапшылар толық ықшамдалмаған аудио жазбаларды зерттеген. Ал басқа сарапшылар ықшамдалған жазбаларды тексерген.  Файлдың өзгеруі оның сипаты мен сапасының өзгеруіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Мүмкін содан қате кеткен болар”, — деді Юрийдің зайыбы Ольга Пак.

Сотталушының өзі айыпты емес екендігін айтып, “102” нөміріне қоңырау шалмағанын алға тартады. Іс бойынша куәгер ретінде өткен оның әріптестері, сол қарғыс атқан күні Юрий басқа мұғалімдермен бірге мектеп кабинеттерінің бірінде парталарды қозғады деп ант берді. Ал оның ұялы телефоны көрші кабинетте қалып қойған сөмкесінде болған.

Жіберіп алмаңыз:

Парижде Сауд Арабиясының ханшайымы суретшіге 4 сағат бойы аяғын сүйдірткен

Желі қолданушылары Қазыбек биді бала, Төле биді шал деп жазған мектеп оқулығын сынға алды

20 жастағы ресейлік студент қыз пәктігін сатып оқу ақысын төлемек (фото)

Қайрат Нұртас: Барахолкада ручка сатқан ашқұрсақ кезімді ешқашан ұмытпаймын

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар