Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыдағы мектептердің бірінде 4-ші сынып оқушылары сабаққа барудан жапппай бас тартып жатыр

Себебі ондағы бұзақы оқушы сыныптастарына күн көрсетпейді екен. Жәбір көрген жеткіншектердің ата-аналары Артем осы сыныптан кетпесе, балаларымызды сабаққа жібермейміз деп дабыл қағуда, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Сурет: Sputnik Таджикистан

“Кейде қарасаң тып-тыныш ойнап жүрген болады да, бір мезетте  жын түрткендей құтырып кетеді. Оны анасы оңдырмай ұрады. Содан да зақым келетін шығар жүйкесіне. Енді бірде ышқырынан пышақ көріп, әрең дегенде тартып алдым. Не деген масқара бұл?!” – дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Ольга Вялова.

Ата-ана мен сыныптастарының зәре құтын қашыратын оқушы былтыр да мектепті әбден шулатқан екен. Тәртіпке бағынбаған соң, 3-4-ші тоқсанда үйден білім алыпты. Биыл дәрігердің дені сау деген анықтамасымен сыныпқа қайта келген көрінеді. Оның өзінде екі аптадан кейін ғана. Келе салып ойранды тағы салғасын, жұрт балаларын сабаққа жібермей қойған. Ал Артемнің анасы басқа пікірде. Айтуынша мұғалімдер тым ерке өскен баланың тілін таба алмайды. Тәрбие берудің орнына, тезірек құтылғылары кеп, ата-аналар мен балалардың алдында Артемді жексұрын көрсетті дейді. Дегенмен, бұзақы оқушы бүгіннен бастап психоневрологиялық орталыққа жатқызылған көрінеді.

“Оның туа біткен немесе созылмалы дерті жоқ. Тым ерке, және қолды-аяққа тұрмайтыны бар. Оқушылар өздері тиісіп алады да, жауап қайтарса арызданып жаман үйреніп алған. Бүгін ауруханаға өзім жатқызып тағы бір тексертейін дедім. Дені сау екенін дәлелдеп, жала жапқан мұғалімдер мен ата-аналардың үстінен арыз жазамын”, – дейді Артемнің анасы Светлана Денисова.


Жіберіп алмаңыз:

Елімізге танымал жазушылар латын әліпбиінің нұсқасына қарсы шықты

Ақтөбеде бейітті бизнеске айналдырмақ болғандардың басы бәлеге қалды

Елімізде бензин тағы қымбаттады

Желіде әйгілі дінтанушының жесір әйелді жыныстық қатынасқа шақырған видеосы пайда болды (видео)

Талқылау