Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда үй ішінен өрт шығып, 3 адам мерт болды

Қарағанды қаласында жеке пәтерден өрт шықты. Өрт салдарынан үш адам көз жұмды, деп жазады Stan.kz.

Қарағанды қаласында бірқабатты екіпәтерлі тұрғын үйдің бірінде болды. Өрт аумағы 70 шаршы метр аумақты қамтыды. Өрттен 1962, 1990 және 2012 жылы туған үш адамның мәйіті табылды. Көрші пәтерден 2 ересек 1 жас бала сыртқа шығарылды. Өрт толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге 24 адам мен 4 техникалық құрал жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау