Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда 700-ге жуық шахтер ереуілге шығып, жер астынан шықпай отыр

Қарағанды облысында ереуілге шығып, бір тәуліктен бері жер астында қалып отырған 600-ден астам кеншімен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

© AP Photo / Jeffrey T. Barnes

Министрдің айтуынша, кеншілердің негізгі талабы — еңбекақыны жүз пайызға дейін көтеру, деп хабарлайды Sputnik.

“Қарағанды облысы әкімдігінің бізге берген мәліметіне сәйкес, жердің астындағы шахтерлердің саны — 684. Сегіз шахтаның әрқайсысы өз өкілдерін жіберді. Қазір 32 белсенді жұмыс берушімен кездесіп, келіссөздер жүргізіп жатыр. Бүгін сағат тоғызда жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасында келіссөздер басталды. Қарағанды облысы әкімшілігі, біздің еңбек инспекциямыз, басқа да құқық қорғау органдарының бәрі сонда. Қажетті мониторинг жасалып жатыр. Жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы келіссөздер аяқталғаннан кейін қандай келісімге келгені жөнінде қосымша ақпарат беретін боламыз”, — деп хабарлады ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

“Қазіргі уақытта “АрселорМитталдың” шахталарында істеп жатқан азаматтар алатын еңбекақының ең төменгі мөлшері  — 208 мың теңге,  ал жоғары мөлшері — 326 мың теңге. Бұдан бөлек, олар еңбекке жарамсыздық парағын жүз пайыз төлеу мәселесін талап етіп отыр. Сонымен қатар еңбекақыға байланысты тарифтер жөніндегі мәселелер бар. Зейнет жасын 50-ге дейін төмендету, шахтерлердің сауықтыру кешенін қайтару мәселелері қарастырылып жатыр”, — деді министр.

Тағы да оқыңыз:

ҰҚК: Соғыс жүріп жатқан Сирия мен Иракта 390 қазақстандық бала бар

Алматыда атауы өзгерген көшелердің тізімі белгілі болды

Министр Сағынтаевтан бюджет қаржысын игермеген лауазымды тұлғаларды жауапқа тартуды сұрады

Талқылау