Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда тісін емдетуге барған оқушы қыз ажал құшты

Қарағандыда стоматологиялық клинакаға тісін емдетуге барып, ажал құшқан қыздың өлімі бойынша қозғалған іс сотқа жетер емес. 13 жасар Жансая Омарова наркоздан кейін тілге келмей кеткен, – деп хабарлайды КТК арнасы.

0жреаа

Оқиға былтыр наурызда болса да, бірнеше қайтара сараптама жүріп, тергеушілер де сан рет ауысыпты. Сараптама, балаға еш тексерусіз наркоз берілгенін анықтап та қойған. Істің сонда да сағызша созылғанын арызданушы тарап түсіне алар емес.

Туғанынан сал ауруына шалдыққан Жансая өз аяғымен кіріп, бас-аяғы жарты сағатта жан тапсырған жер – дәл осы клиника. Ал мына кадрларда тіс дәрігерлерінің 13 жасар қызды аман алып қаламыз деп арпалысып жатқан сәті көрсетілген. Сәтбаев қаласынан Қарағандыға тісін емдетуге келген ол дәрігерлердің берген наркозынан кейін оянбапты.

“Ішіне кірсек, бала жерде жатыр. Астында кішкене жаялық. Бетон еденде жатыр. Жолдасымын екеуміз көтеріп, төсекке жатқыздық. Бірақ бәрі кеш еді. Бала өліп кеткен”, – дейді Жансаяның әкесі Мағжан Омаров.

Жансаяның әкесі адвокат жалдап, содан бері Қарағанды мен Сәтбаевтың арасында әлі сабылып жүр. Айтуынша, іс қозғалғанымен тергеушілер бірнеше рет ауысқан. Сараптама да қайта-қайта тағайындалыпты. Негізі, дәрігерлердің қателігін дәлелденген дейді адвокаты.

“Реакция бола ма балаға, оған қарамаған. Ол жағын тексермеген. Баласын өлтіріп қолына беріп қоя берді. Содан кейін адам құсап кешірім де сұрамай, адамның көңілін таптап тастаған”, – дейді қорғаушы Төлеубай Мусин.

Алайда клиника кешірім сұрамақ түгілі, өздерін судан ақ, сүттен тазамыз деп отыр. Бала өлімінен кейін әкімшілік жазаға тартылғандарын да қинала айтты. Өйткені, сол кезде емхананың анестезия жүргізуге рұқсаты болмаған екен.

“Бұл жерде біздің кінәміз жоқ. Наркоз салуға лицензияның керек екенін де білмеппіз. Кейін алдық. Бірақ жеке-жеке 3 дәріге аллергиясы болмаған. Оларды қосқан кезде ғана осындай реакция беріп отыр. Қолдан келгенше жедел көмекті де көрсеттік”, – дейді тіс емханасының директоры Ерлан Анашбаев.

Тергеушілер алғашқы сараптама қорытынысымен арызданушы жақ келіспегендіктен, істің қаралу мерзімі ұзарып отыр дейді. Енді Алматыда жүріп жатқан кешенді медициналық сараптама қортындысын күту керек екен. Ал шағымданушылар тергеушілердің сөзін жоққа шығарды. Осындай, негізсіз сылтаумен, істі сағызша созылғанынан мезі болдық дейді олар. Кінәлілер тіпті жазадан сытылып кете ме деп те алаңдаулы.


Жіберіп алмаңыз:

Ақтауда 5 жасар қыз төртінші қабаттан құлап кетті

Павлодар облысында 4 жасар бала әкесінің көз алдында өртеніп кетті

Семейде терезе жумақ болған әжей 5-қабаттан құлап көз жұмды

Оралда жас жігіт туыстарының көз алдында көпірден секіріп кетті

Талқылау