Қарағандыда теміржол вагонына шықпақшы болған баланы тоқ соқты (видео)
Қарағандыда 9-10 жас шамасындағы бала теміржол вагонына шығамын деп тоққа түсті. Қатты электр соққысын алған бала қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеп.

Төтенше жағдай 21 тамызда «Жаңа Қарағанды» станциясында болды. Алдын ала деректер бойынша, 9-10 жастағы бала теміржол вагонының төбесіне шыққан кезде оны тоқ соққан. Вагондардың жанында шалажансар жатқан баланы көрген куәгерлер сол сәтті видеоға түсіріп, Instagram желісіне жариялаған.
Сонымен қатар, тоққа түскен баланың жағдайы туралы денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді. Олардың айтуынша, баланың денесінің 80 пайызын күйік шалған және ауыр жағдайда жатыр.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі