Қарағандыда телефонына қарап тұрған баланы автобус қағып кетті
Жеткіншек жол тәртібі бойынша өтуге болмайтын жерден телефонына қарап өте барған. Сол уақытта оны автобус жүргізушісі қағып кетті.

Болжамға сәйкес, бала тыйым салынған жерден телефон экранына қарап өткен.
Ол тез арада жол бойына шыққандықтан, автобус жүргізушісі көлікті тоқтатып үлгермеді. Оқиға сортировка қаласында болды. Қатты соққыдан бала есінен танып қалды. Куәгерлер оқиға орнына дәрігерлер мен полицейлерді шақырды. Сондай-ақ видеоға түсіріп үлгерді.
Жеткіншектің ауыр жарақат алмағаны анықталды. Дәрігерлер тексеру жүргізіп, өзге де жарақаттарының бар-жоғын анықтауда.
Жіберіп алмаңыз:
Шымкентте қиранды астынан бесіктегі сәбиді шығарып алу сәтінің видеосы пайда болды (видео)
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін