Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда тегін массаж жасатпақ болған әйел 800 мың теңгеден аса ақша қарыз боп қалған

Қарағандыда Тамара Вильман есімді әйел таяуда тегін массаж сеансына барған. Алайда артынша 1-топтағы мүгедек компанияға қыруар ақша қарыз болып шығыпты.

Тегін массаж жасатпақ болған әйел 800 мың теңгеден аса ақша қарыз боп қалған

Тамара Вильман массаж креслосы, жастықтар мен көрпе үшін 200 мың теңге төлеген. Алайда тағы 600 мың теңгеден аса ақша қарыз болып шыққан, деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz.

Әйелдің сөзінше, ол өзіне қажет емес тауарды қайтару үшін фирмамен байланыса алмаған.

Ал күні кеше жарымжан әйелге компания өкілдері келіп, ақшасын қайтарып беріп, өздеріне тиесілі тауарларды алып кетті. Сонымен қатар ешқандай шағымы жоқ екендігі туралы қолхат жазып беруін сұраған. Бұл жағдайдың осылай шешілгені Тамара Вильманның туған күнінің қарсаңында нағыз сыйлық болды.

«Мұншама ақша шығындалғаным үшін қайран қалдым. Ендігі бұл жағдай осылайша жақсы шешілгені үшін қайран қалып отырмын. Неше түрлі сұмдық болуы мүмкін екендігі туралы ойлап, осыла жақсы аяқталады деп күтпедім», – дейді Тамара Вильман.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау