Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда полицей көлігімен жас жігітті қағып өлтірді

30 қыркүйек күні полиция сержанты жас жігітті қағып өлтірді.

Шахтинск тұрғыны алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды. Апатқа кінәлі адам Қарағанды облыстық ІІД мамандандырылған қызмет күзеті басқармасының батальон полицейі, сержант. Ол түнгі уақытта өзінің жеке BMW көлігімен апат жасады.

Шахтинск қаласынан 8 шақырым жерде 25 жастағы ер адамды көлігімен қағып өтті. Зардап шегуші сол жерде мерт болды. Сержант ұсталып, қолхат жазып босатылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Stan.kz
Дүйсенбі, 01 Қазан, 2018 15:58