Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда модельдерді шетел асырып сатып жүрген агенттік басшысы қамауға алынды

21 жастағы бойжеткен модель болғысы келген қыздарды шетелге  құлдыққа сатып жүрген. Ол сотта кепілмен бостандыққа шықпақшы болған. Істі қарау кезінде ол бойжеткендерді алдап  жүргеніне біраз уақыт болғаны дәлелденген, деп хабарлайды 31 арна.

Қарағандыда  модельдерді шетел асырып сатып жүрген агенттік басшысы қамауға алынды

Екі апта бұрын қазақстандық сән бизнесінде шу шыққан. Қарағандыдағы сән агенттігінің бірі аруларды Араб Әмірлігіне, Бахрейнге қыздарды  сатып отырған. Қыздарды шетке саудалады деген күдікпен 21 жастағы Анель Нуманова ұсталған. Алайда ол «барлық қыз өз еркімен шетелге барғанда модель немес интимдік қызмет көрсетуге бара жатқанын білді»-дейді.

Полицейлер бұл саудада үлкен топтың жұмыс істегенін анықтаған. Олар аптасына 10 қыздан шекара асыртып отырған. Қазір олардың жартысы сол елдерде. Қарағандының жас қыздарына Анель  Нурманова өзін сәнгер етіп таныстырған. Алайда Қарағандының сән әлемінде ол туралы ешкім білмейді екен.

Талқылау