Қарағандыда қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келген қылмыстық топ ұсталды
Қарағандыда адам саудасы және сутенерлікпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. 24 және 27 жас аралығындағы 4 жігіт қыздарды тәнін саудалауға мәжбүрлеп келген. Жедел ақпараттың арқасында ұсталған жігіттер пайда табудың оңай жолын тапқан көрінеді. Бұл туралы КТК хабарлады.

Олар жеңіл жүрісті қыздардың 10 шақтысын тауып, жалдамалы пәтерлерде күштеп ұстаған екен. Жыныстық қатынас қызметін көрсету жөнінде хабарландыру беріп, клиенттерді өздері тауып отырған. Бұл топтың қылмысына қатысты бұлтартпас айғақтар жиналған дейді полицейлер. Тергеу абақтысына қамалған төртеудің үстінен бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқи отырыңыз:
«Шымкенттік мажордың» әкесіне қатысты сот отырысы басталды
Алматы әкімі зейнеткерлерге ақша табудың қызық жолын ұсынды
Павлодарда Германия азаматын пышақтап өлтірген екі бойжеткенге үкім шықты
Ауа-райы болжамы: Алдағы күндері кей жерлерде 30 градусқа дейін күн жылынады
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді