Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда қаржы пирамидасын құрған әйел 752 адамның ақшасын қайтара алмай отыр

Прокурорлар Қарағандыда қаржы пирамидасын құрған әйелді 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр. Астана, Қарағанды және Теміртау қаласының 752 тұрғыны «Optovka» деп аталатын қаржы пирамидасының құрбанына айналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170810170344

Прокуратураның пікірінше, талай жанды сан соқтырып кеткен Елена Колесникова алдағы он жылын қауіпсіздігі орташа саналатын колонияда өткізуі тиіс.

Прокурор Саржан Сабырдың айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 217 бабына сәйкес, әйелдің кінәсі толық дәлелденген.

Ал алаяқтың құрбаны болған 752 адамның арасында ондаған адам Колесникова жұмысындағы уақытша қиындықтардың кесірінен ақшаны қайтара алмай отыр деп санайды. Дағдарыс жағдайынан шыққан жағдайда фирма табысымызды еселеп қайтарар еді дейді олар. Алайда құрбан болғандар пайыздық үстеме түгілі, өздері салған ақшаны қайтара алмаған.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкент тұрғыны ұлының көгілдір болып кеткеніне өзін кінәлауда

Биылғы грант иегерлерінің тізімі жария етілді

Қызылордалық қожа «қарадан» алған келінімен бір дастарханнан шай ішпейді

Оқушы қыздар өздерін құтқарып, өзі суға батып кеткен көршілері жайлы айтты

Талқылау