Сахнадағы ұятсыздық: Қарағанды облысының тұрғындары түнгі клубты жабуды талап етуде

Бейсенбі, 24 Қараша , 2016 9:09

Қарағанды облысының тұрғындары келушілердің санын арттыру үшін стриптиз-шоу ұйымдастырған түнгі клубты жабуды талап етіп отыр. Өйткені жалаңаштанған күйде би билеп, елдің көзінше азаматтарды шешіндірген қыздардың бейнежазбасы бір түннің ішінде көпшілікке тарап үлгерген. Ал түнгі клуб өкілдері әдепсіз биден ерсі қылық көріп тұрған жоқпыз дейді.

клуб

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Шахтинск қаласындағы клубта беттерін бетпердемен жапқан, бастарына жасанды шаш таққан жартылай жалаңаш қыздардың өнерін тамашалау клубта үйреншікті жағдай сияқты.

Тіпті ащы суға тойып алған азаматтардың өзі де стриптиз билеуден қымсынбайды. Сорақысы билеп қана қоймай, көпшілік алдында келуші азаматтардың іш киімдерін шешкен қыздардың арсыз әрекеті халыққа тараған.

Куәгерлердің сөзінше, Шахтинск клубтарының бірінде жартылай жалаңаш ер адам мен қыз эротикалық би билеген. Сосын олар бір-бірін толықтай шешіндіріп, жұрттың көзінше жыныстық қатынасқа түскен. Залдан оларды қолдайтын да, наразылық танытқан да дауыстар шыққан.

“Қала мен клуб басшылығы қайда қарап отыр. Мұндай сұмдық жағдай орын алмауы тиіс еді. Бұл нағыз барып тұрған ұятсыздық пен бассыздық”, – дейді наразылық танытқан әйелдердің бірі.

Халық әлеуметтік желі арқылы келіп жатқан сұмдық бейнежазбаны балалар да көріп қоя ма деп қорқады. Жергілікті тұрғындар түнгі клубтың жабылғанын қалайды.

Ал кәсібін табысты етуге тырысамын деп дауға қалған түнгі клуб өкілдері «бұл жай ғана стриптиз» деп жұрттың ашуына аландаулы емес. Әкімшілік қызметкері өткен аптадағы стриптиз-шоу бұрын-соңды болмағанын айтады.

“Бұл – жай ғана стриптиз-шоу. Осындай концерттік бағдарлама болады деп тұрғындарға алдын ала айтылған. Әрине, егер ыңғайсыздық туғызсақ кешірім өтінем”, – деді «Пандора» түнгі клубының басқарушы директоры Саида Жұмабаева.

Іш киімін шешіп, анайы қылық көрсеткен ер адам қазір іздестіріліп жатыр екен. Ал кештің көркін қыздыруға арнайы жалданған қыздармен шектен шыққандары үшін келісімшарт бұзылыпты.

Оқи отырыңыз:

Екі қазақ жігітінің бірін-бірі аймалай жабысып билеген би жұртты шошытты (видео)

Аязда адамдарды тегін тасыған атыраулық ерікті жоғалып кеткен әйелді құтқарып қалды

Алматыда мұғалімдер мен дәрігерлер Тәуелсіздік күніне орай сыйақы алады

Көшеден ақшасы бар әмиян тауып алған азамат иесін іздеп жүріп қайтарып берген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
05.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар