Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда екі жасар қызды өлтіріп, денесін бөлшектеп өртеген ерлі-зайыптыларға үкім шықты

Қарағандыда екі жасар қыздың денесін пешке өртеген ерлі-зайыптыларға үкім шықты. ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша айыпталған Қарағанды тұрғыны Владимир Зеленый 23 жылға сотталды.

 

 

 

 

2103414

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Қаскөйлердің қолынан қаза тапқан бүлдіршіннің анасы Ильяна Дроганды ҚК-нің 334-бабы “Қылмыс туралы хабарламау” бойынша жазасын 6 жыл бойы қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болды.

“Ер адам кішкентай Дроганның кеудесіне екі аяғымен секіріп өлтіргені анықталды. Аталған қылмысты Зеленый жәбірленушінің анасының көзінше жасаған. Ол қызын құтқару үшін ешқандай әрекет жасамай, Зеленыймен бірге “Петушок” саяжай қауымына қонуға кеткен”, — деп хабарлады Қарағанды облысы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының судьясы Исламхан Есенбаев.

Өлген Эвелинаны ересектер жолда қалдырып кетеді. Кейіннен олар қыздың денесі қалған жерге оралып, оны сол саяжайға әкеліп өртеп жіберген. Арада бір жылға жуық өткен соң анасы полицияға келіп, қылмысын мойындаған.

Ильяна Дроганның тағы екі баласы қалды.Олар қазір балалар үйінде тұрады. Бұрын-соңды ер адам мен әйел кісі өлтіру қылмысы бойынша сотты болып, бірақ жақсы тәртіптері үшін босатылған. Бұдан бөлек сот облыс прокуратурасы мен тергеу органдарына жеке қаулы шығарды. Исламхан Есенбаевтың пікірінше, бұл істе толық және жан-жақты талдау жасалмаған. Ал дәлелдерді бағалау атүсті жасалған көрінеді.

“Сотқа дейінгі тергеу органдары бұл қылмыстық істі тергеуде  Дроганға (анасы) “Бүлдіршінді өлтіруге көмектесу” қылмысы үшін жазадан босатуға мүмкіндік беретін нақты толық және жан жақты тергеу үшін ешқандай шара қолданбаған”, — деп атап өтті процесс судьясы.

Сотталғандар үкімге шағым түсіруді көздеп отыр. Еске сала кетейік, қайғылы оқиға өткен жылдың ақпан айында болған. Тергеу мәліметтері бойынша, ерлі-зайыптылар екі баласымен бірге саяжайға бара жатады. Қарағанды мен Үштөбе ауылының арасындағы жолда тоңып қалған қыз қатты жылаған. Мас болған ер адам жылаған шуды көтере алмай, бүлдіршінді қарға жатқызып, оны өлтіреді.

Оқи отырыңыз:

БҚО-да байлаулы тұрған ит босанып кетіп қойға шапты

Жезөкшелікпен айналысып жүрген қызтеке жігіт “екі мүшесі” барын айтып ақталды (видео+18)

Астаналық азамат отбасынан адасып құлдықта болған ер адамды туыстарымен табыстырды

Шашын қызылға бояп, шарап ішетін енелер кімге үлгі болмақ?

Талқылау