Қарағандыда екі тұрғын үйдің ортасындағы асфальт опырылып кетті

Бейсенбі, 25 Тамыз , 2016 17:22

Қарағандыда екі көпқабатты тұрғын үйдің ортасындағы асфальт опырылып кетті. Ал әкімдіктегі шенеуніктер асфальттың астындағы кәріз суы осы жағдайға соқтыруы мүмкін дейді.

svvs

Сурет Инстаграмдағы @ekaraganda.kz аккаунтында жарияланған. Куәгерлердің айтуынша бұл екі үй тұрғындары 2010 жылдан бері мәселе көтеріп келе жатыр екен. Комиссия құрылғанымен ешқандай мәселе шешілмеген. Ал Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары Вадим Гормоков болса соңғы екі жылда ешкім шағымданған жоқ деп отыр.

“Біз бұл туралы білеміз. 2010 жылдан бері мәселе көтерілді дегенге ештеңе айта алмаймын. Өйткені, өзім екі жылдан бері ғана қызметке кірістім. Қазір аталған аумақ қоршалған. Біз арнайы техниканы күтіп отырмыз. Асфальтты толықтай жауып, сосын себебін анықтаймыз. Әзірге алдын-ала дерек негізінде жол кәріз суы кесірінен опырылды деп отырмыз”, – дейді әкім орынбасары.

Ал қалалық төтенше жағдайлар департаменті болса аталған жағдайдан кейін үй мен тұрғындарға еш қауіп төніп тұрмағанын айтты.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар