Қарағандыда бір оқушыға бола бүтін сынып мектепке бармай қойды

Бейсенбі, 21 Қыркүйек , 2017 11:54

Қарағандыдағы №50 мектепте бір оқушыға бола бүтін бір сынып сабаққа бармай қойды. 4 «Б» сыныбының ата-аналары мектеп әкімшілігіне байкот жариялап, дүйсенбіге дейін жағдайды түзеуге уақыт берді. Ал оқушылардың білім алуына кедергі келтіріп жүрген өз сыныптастары.

947243f4c4afbb6e608fca1ab2819500_resize_w_520_h_

Бұл туралы “Қарағанды жаңалықтарына” сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Аталған сыныпта оқитын бір оқушы үнемі қатарластарын ұрып, мұғалімдер мен мектеп директорына дөрекілік танытады екен. Сорақысы сол, қанша бұзақылық жасаса да, баланы ешкім жазаламайтын көрінеді. Ата-аналардың сөзінше, қағаз жүзінде баланың есі дұрыс болғанымен, жат қылықтар жиі жасайды.

Балалары үшін алаңдайтын ата-аналар міне, екі жылдан бері перзенттерін Игорь Филимоновтан (аты-жөні өзгертілді) қорғап әлек.

Тәртіпсіз оқушы қатарластарын ғана емес, бір жолы ұстазына да қол жұмсапты. Аталған фактіні полиция тіркеуге алған. Ал елдің мазасын қашырған баланың денесі ірі, онымен балалар түгілі, ересектер арпалыса алмайтын көрінеді.

Бір қызығы, тіпті, мектеп психологының өзі Игорьді арнайы мектепте оқыту керек деп есептейді. Алайда соған қарамастан, ата-аналар балаға «ақыл-есі дұрыс» деп анықтама жазып берген психоневрологиялық диспансердің әрекетін түсіне алмай дал.

Шарасы таусылған ата-аналар балаларын мектепке жібермеуден басқа амал таппапты. Игорь кетпейінше, біздің балаларымыз оқу ордасына аттап баспайды деп шарт қойды олар.

Игорь Филимонов анасымен бірге тұрады, әкесі жоқ. Көршілерінің айтуынша, анасы үнемі ұлын соққыға жығады екен. Ата-аналардың пікірінше, Игорь анасынан қалған өшін балалардан алуы мүмкін.

Бұл жайдан хабары болса да, мектеп те, полиция да, қалалық білім бөлімі мен қамқорлық органдары қол қусырып қарап отырған көрінеді. Ал ата-аналар енді не істерімізді білмейміз деп дабыл қағуда.

Мектеп директоры болса аталған жайға қатысты пікір білдіруден бас тартқан.

Жіберіп алмаңыз:

Үш рет “талақ” болған астаналық әйел мұсылман күйеулері жайлы шындықты айтты

Шымкенттік медбике шетінеген шақалақтың мүрдесін қалай ауыстырып алғанын айтты

Алматыда 11 жастағы жеткіншек бірінші рет мектепке барып, қолына қалам ұстады

Балқаш тұрғыны пойызда біреудің баласын себепсіз сабап тастаған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар