Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда бір апта бұрын жоғалып кеткен жігітке ұрлық жасады деген күдік тағылуда

Полицияның ақпаратына сәйкес Айбек Мұстақаевтың жоғалғаны жайлы туыстары мәлімдеген. Сол күні Абай ауданының тұрғыны Мұстақаевтың өзін тонап кетті деген шағыммен полицияға жүгінген.

dc498ede0e5e5a27c42073bc8dccd084_XL

Бұл туралы облыстың ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Қарағандыда туыстары жоғалып кеткені туралы шағымданған жігітке ұрлық жасады деген күдік тағылуда.

«Бірыңғай сот алды тергеу тізіліміне Қарағанды облысының тұрғыны Айбек Мұстақаевтың хабар-ошарсыз кеткені туралы факті тіркелді. Алайда жоғалған азаматқа қылмыс жасады деген күдік тағылғаны анықталды», – делінген хабарламада.

Полицияның ақпаратына сәйкес А. Мұстақаевтың жоғалғаны жайлы туыстары мәлімдеген. «Сол күні Абай ауданының тұрғыны Мұстақаев өзін тонап кетті деген шағыммен полицияға жүгінген», – деп қосты ІІД баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта өңір полицейлері Мұстақаевты іздеуге және ұстауға бағытталған бірқатар жедел шаралар жүргізуде.

Туыстарының айтуынша, 22 жастағы Айбек Мұстақаев 3 қаңтарда із-түссіз жоғалып кеткен. Олардың айтуынша, жігіт көлігімен өзінің құрбысына бармақшы болған, жолшыбай дүкенге тоқтап, содан кейін жоғалып кеткен.

Талқылау