Қарағандыда екі жасар қыз саябақ әткеншегінен құлап көз жұмды

Бейсенбі, 9 Маусым , 2016 9:14

Қаладағы биік әткеншектердің бірінен құлап қайтыс болған қыздың әкесі бір жылдан бері әділдікке қол жеткізе алар емес. Қайғылы оқиға Шахтинск қаласында болған. Балалар аттракционы екі жасар Варя Переседованы жаншып кеткен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

674584

Полиция қыздың өліміне қатысты іс бір ашып, бір жауып созбаққа салған. Александр Переседовтың қызы бір жыл бұрын саябақтағы әткеншекке мінеп деп қайтыс болған. Әжесімен бірге кезекте тұрған кішкентай қыз шыдамсыздық танытқан. Екі жастағы Варя алқасымен бірге өтіп ашық механизмге тап болған. Машина оны 20 метрден астам жерге лақтырып жіберген. Кішкентай қыз сол жерде қайтыс болған.

Өлімге соқтырған аттракционды тоқтату мүмкін емес екен. Онда шұғыл тежейтін батырма болмаған. Куәгерлер оған көмек беруге ұмтылғанымен, барлығы кеш болған. Ата-анасы кінәліні жылдан бері іздеп дәлелдей алмай жүр.

“Істің тоқтап қалуын біздің прокуратура мен полиция “қылмыс құрамының толық еместігі” дейді. Менің қызымның осы әткеншектен қайтыс болуы бұл техника қауіпсіздігінің өрескел бұзылуынан. Ал мұндай қателіктерді біздің тергеушілер мен прокуратура көзге ілмейді”, – дейді әкесі Александр Переседов.

Әткеншек жергілікті саябақ басқармасының балансында. Оны 5 жыл бұрын орнатқан. Ал 3 жыл бұрын Қазақстанда мұндай механизмдер үшін қатаң ережелер енгізілген. Алайда олар ешқашан тексерілмеген.

“Аталған оқиға бойынша қазір зерттеу жүріп жатыр. Нақты кімнің кінәлі екенін айта алмаймын. Кінәлі тергеуден соң табылады”, – деді “Барыс” саябағының директоры Бақыт Балықов.

Тергеушілер бұл жерден осыған дейінгі 15 ереже бұзушылықты тапқан. Бірақ, бұл ретте жауапкершілік ешкімге артылмайды. Саябақтың бұрынғы директоры қызметін ауыстырып кетіп қалған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар