Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда дәрігерлердің екпесінен соң жаңа туған сәбидің жағдайы нашарлап кетті

Қарағандыда 5 жасар қыздың ата-анасынан атынан арыз түсті. Олар облыстық перинатарлық орталықтан материалдық шығын өтемақысын талап етті, деп хабарлайды Қазақпарат.

20170720143115

Сәби туа салысымен ертесі күні туберкулезге қарсы ексе салынған. Дәрігерлер екпеден бас тартуын әлде салғызуға рұқсат беруін анасынан сұрамаған. Дәрігер тек қағазға қол қоюын сұраған.

«Екпенің міндетті екені жазылған. Бірақ ата-анасы қарсы болуына қарамастан екпе салу керек деген заң жоқ. Олар әйелімді алдаған», – дейді баланың әкесі Виталий.

Екпеден кейін сәбидің жағдайы нашарлаған. Дәрігерлер шұғыл түрде ота жасаған.

«Сәбиге наркоз қабылдау оңай емес. Есін жиюы, етін тігуі ауыр тиеді», – дейді әкесі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы сәбиге лимфаденит диагнозын қойды. Ол БЦЖ екпесінің зиянды әсері.

Жас отбасыға «Гарант» қоғамдық ұйымының өкілі Жасұлан Айтмағамбетов көмек қолын созды.

Құқық қорғаушы ерлі-зайыптыға заңгерлік көмек көрсетуге уәде берді.

«Ана мен балаға таңдау еркі берілмеген. Ескертпеде жалған анықтама жазылған. Заң екпені мінттетті түрде салуға күштемейді. Дәрігерлер әйелді алдаған. Соның салдарынан нәрестенің жағдайы қиындап, ота жасап, наркоз салды. Бұл жаңа туған сәбидің ағзасы үшін өте ауыр», – дейді Жасұлан Айтмағамбетов.

Аудандық сот канцелярисында арыздың өндірістік сотқа жіберілгенін айтты. Бұл іс бойынша судья кейінірек тағайындалады.

Тағы да оқыңыз:

Ауылдан қашып кеткен 14 жастағы қыз Алматыдағы түнгі клубтан табылды

Шымкент тұрғыны латын әліпбиіне көшудің оңай жолын ойлап тапты

Туристер Түркиядағы алапат зілзаланың қалай болғанын көрсетті (фото, видео)

Талқылау