Қарағандыда ер адам 9 жасар оқушыны пәтеріне алдап шақырып, үш күн бойы зорлаған
Қарағандыда 9 жастағы оқушыны зорлағаны үшін Сәтбаев тұрғыны сотталды. Ол оқушы қызды жертөлеге қамап тастаған.

“Айыпталушы 90-жылдары екі қылмысы үшін сотталған. Шартты мерзімде жазасын өтеу үшін босатылған. Алайда 9 жасар қызды зорлады. Ол бұл қылмысы үшін өмір бойы жазасын түрмеде өтейді”, – деді Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық сот төрешісі Қайрат Қасымов.
Қылмыскер әпкесінің айтуы бойынша ұсталды. Сотталушы оқушы қызды пәтеріне алдап кіргізіп, үш күн бойы зорлаған. Кейін оны жертөлеге қамап қойған. Таңертең мас күйінде әпкесіне хабарласып, кәмілетке толмаған қызды зорлағанын айтады. Әпкесі жертөледен бүлдіршінді шығарып алады. Полицияға хабарласып, мән-жайды баяндайды.
Зардап шеккен қызға бірнеше күрделі ота жасалды. Ол бірнеше уақыт ауруханада емделді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"