Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда 50 мың теңге заңсыз алған полицей 5 жылға сотталып кетті

Қарағандыда полиция қызметкеі Астанадан келетін комиссия үшін деп 50 мың теңге заңсыз алғған. Полицейдің кінәсі дәлелденіп, 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бас көлік прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарағанды-Сұрыптау станциясының ІІЛБ басшысының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары қатысты Қарағанды облыстық сотының үкімі өзгеріссіз қалды.

Ол қарамағындағы қызметкерлердің бірінен Астанадан келетін комиссияны күту сылтауымен 50 мың теңге көлемінде қаражатты заңсыз алды деп айыпталды. Айыпталушының кінәсі дәлелденіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан, полиция подполковнигі лауазымынан айырылды. Ал, жәбірленушілерге 50 мың теңге өтемақы төлеу міндеттелді. Соттың үкімі заңды күшіне енді.

Істің тергелуін және сотта мемлекеттік айыптауды қолдауды Қарағанды көлік прокуратурасының процесс прокуроры іске асырды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау