Қарағандыда 16 жастағы кондуктор автобус жолаушысын соққыға жықты
Қарағандыда 16 жастағы кондуктор автобус жолаушысын ұрып-соқты. Кондуктордан таяқ жеген жолаушы Астана тұрғыны болып шықты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеп.

«16 тамызда Қарағанды қаласындағы аялдамалардың бірінде қоғамдық көлікте кондуктор болып жұмыс істейтін 16 жасар жасөспірім 28 жастағы Астана тұрғынын соққыға жығып, жарақаттады. Қазіргі уақытта бұл іске қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша рәсімдік шешім қабылданатын болады», – деді Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Оқиғадан кейін полиция қызметкерлері жолаушыны соққыға жыққан күдіктіні ұстады. Ал, жәбірленуші түрлі жарақаттармен қалалық емдеу мекемесіне жүгінді.
Бөлімде айтылғандай, қоғамдық көліктің 16 жастағы кондукторы мен 28 жастағы жолаушы арасындағы қақтығысқа қатысты «бұзақылық» бабы бойынша алдын ала тергеу басталды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Трендті ұстап тұрған әже": Желіде немересімен видео түсірген 86 жастағы кейуана қазақстандықтарды сүйсіндірді
Немересі: "Әжем өзінің танымал екенін әлі білмейді"
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген