Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды жастары Головкинді қолдау шарасын өткізді (фото)

18 наурыз күні «Мэдисон-сквер-гарденде» америкалық Дэниелом Джейкобспен өтетін жекпе жекте Геннадий Головкинді қолдау мақсатында жерлестері флешмоб ұйымдастырды, деп хабарлайды Baq.kz.

головкин

Қарағанды бокс мектебінің түлектері Генаны кезекті жекпе жегінің алдында қолдап, дем беру мақсатында қарағандылықтар Достық үйінің алдындағы алаңда «GGG» деп жазды. 300- ге тарта Генаның жерлестері осылайша өз батырын құрметтейтіндіктерін көрсетті.

«Атақты боксшы Геннадий Головкиннің Қарағандылық екендігін айтып мақтан тұтамыз. Ол біздің кумиріміз. Жерлесімізге қолдау білдіру үшін ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, осында жиналдық. Гена осы жолы да қарсыласын жеңетініне сенеміз», – дейді Генаның жанкүйері Асыл Төлепов.

головкин1

Қарағанды облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға қаланың спорт мектептерінің оқушылары қатысты.

«Денешынықтыру және спорт басқармасы облысымыздың әрбір спортшысына қолдау білдіруге тырысады. Қайда барса да, қандай жарыстарға қатысса іштей уайымдаймыз. Бұл жолы да жерлесімізді қолдау мақсатында осындай шара өткізуді ұйғардық. Әрине Генаның жеңетініне күмән келтірмейміз. Ертең барлығымыз Генадийге жанкүйер боламыз», – дейді облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Наталья Сухорукова.

Оқи отырыңыз:

Түрік боксшысы Головкиннің бүкіл тісін қағып алатынын мәлімдеді

Қанат Ислам ағылшынша қалай сөйлейді (видео)

Әйгілі Диего Марадона өз сүйіктісіне шабуыл жасады

Василий Левит аса ауыр салмақтағы неміс боксшысын нокдаунға жіберді

 

 

Талқылау