Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысының тұрғыны күйеуінің бұрынғы әйелі мен балаларын ұрып тастаған

Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында жергілікті тұрғын күйеуінің бұрынғы әйелі мен оның балаларын ұрып тастаған, деп хабарлайды Zakon.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысының тұрғыны күйеуінің бұрынғы әйелі мен балаларын ұрып тастаған

Оқиға наурыз айында орын алған. 29 жастағы әйел құрбыларымен бірге түнгі сағат 2-лердің шамасында күйеуінің бұрынғы әйеліне келген. Оған есікті ұлы ашыпты. Осы кезде әйел екі құрбысымен бірге пәтерге басып кіріп, үй иесімен ұрыса бастаған. Ол күйеуі бұрынғы әйелімен жиі сөйлесіп тұратынына сенімді болған. артынша ұрыс соңы төбелске ұласады. Үй иесіне әпкесі мен қызы көмекке келіпті. Ал ашуға булыққа әйел үй иесінің қызына жұдырық ала жөнелген.

Шуды естіген көршісі оқиға орнына келген. Оны көрген үш әйел қашып кетіпті. Артынша жәбірленуші полицияға шағымданған.

Оқиғаға қатысты жауап берген сотталушы әйел өз кінәсін мойындамады. Алайда оқиғаны көзімен көрген көрші оның сөзін жоққа шығарды.

Сот әйелді кінәлі деп таныды. Оған қатысты бір жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау