Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы: Дәрігерлер ессіз жатқан қызымды емдеудің орнына тәрбиесіз деп намысыма тиді

Қылмыскер бостандықта жүр! Жалғыз қызын көлік қағып, зар қақсаған қарағандылық ананың жанайқайы бұл! 17 жастағы бойжеткенді темір тұлпарымен таптап, бір отбасын қан жылатқан жігіт қазір дым болмағандай көлік тізгіндеп, көше кезіп жүр екен.

Бұған полиция қызметкерлері емес, дәрігерлер кінәлі, дейді қыздың анасы. Оқиғаға кінәлі адамды ақ халаттылар неге қорғап отыр? Күдікті жазадан қашып құтыла ма? Евразия бірінші арнасы хабарлайды.

17 жастағы Ақниет Айтбаева қаладағы оқуының алғашқы семестрін аяқтап, Жаңаарқаға каникулға келген. Сыныптастарымен кездесу кешін өткізуге кеткен қыз, үйіне сол күйі оралмаған. Түнімен безек қағып, жалғыз баласына телефон соққан анасы Гүлсара Ержанова, іштей бір жамандықтың болғанын сездім дейді.

«Ішкі қызметкерлер мен кластас баласы бар Хайдар деген, көрші бала және бірге оқыған екеуі, сол маған звондап: Тәте, осылай да осылай, Ақниетті машина қағып кетті деді. Сонда жүрегім қозғалып кетті» – зардап шегушінің анасы Гүлсара Ержанова.

Жаңаарқадағы аудандық ауруханаға алып-ұшып жеткен анасының көзі шарадай болған. Жол апатынан соң бет-аузы домбығып ісіп кетіпті. Қойған сұраққа жауап қатпай, айналасындағы адамдардың сөзін қайталаумен болыпты. Тіпті, туған анасын да танымай қалған. Мұндай көріністен жүрегі шайлыққан Гүлсара Ержанова, дәрігерлер қолдаудың орнына, адам құрлы көрмей, намысыма тиетін сөздер айтты дейді.

«Бар шығыңдар, үйтіңдер, бүйтіңдер, сүйтіңдер, сіздің балаңыз әбден тәрбие көрмеген екен, операция кезінде бізді боқтап, дымымызды қалдырған жоқ», дейді. Бұл бала сана-сезімі орнына келген жоқ, ол есін білмейді. Тіпті мені де танып тұрған жоқ, 4 күн өтсе де» – зардап шегушінің анасы Гүлсара Ержанова.

Жаңаарқалық дәрігерлер ауыр халде түскен бойжеткеннің жарылған қуығын тігіп беріпті. Ал пациенттің басын түсіретін томографияның жоқтығынан, облыстық ауруханаға апаруға мәжбүр болған отбасы, ақ халаттылардың салғырттығынан әбден шошындық дейді. Аудан орталығынан Қарағандыға дейінгі 160 шақырымдық жерге жедел жәрлем көлігін бермек түгілі, «қалай жетсеңдер де өздерің біліңдер, біздің шаруамыз жоқ», деген уәж айтып, шығарып салған.

«Жаңағы баланың астына екі матрацты төсеп, сөйтіп алып келген. Жол бойы бірнәрсе болса, оған кім жауап береді? 11:18 – 1138 Осы жерге әкелгеніміз жекеменшік, жеңіл көлікті жалдап алып келдік. Сол кезде жаңағы дәрігер «баланы қалай әкетіп барасыздар?», деп сұраған да жоқ, қараған да жоқ» – зардап шегушінің туысы Клара Ержанова.

Ақниеттің ағзасының сау-тамтығы қалмаған. Облыстық аурухана мамандарды зардап шегушінің қуығы жарылып, бас ми жарақатын алғанын анықтап отыр.

Ал оқиғаға кінәлі 26 жастағы жігіт Жаңаарқа аудандық ауруханасының есепшісі болып жұмыс істейді екен. Дәл сол күні полицияға түсініктеме берген жүргізуші, екі бокал сыра ішкенін мойындаған. Ал ауруханадағы тексеріс нәтижесі, оның қанында алкогольдің жоқтығын көрсеткен. Алкатестердің қорытындысын емдеу мекемесінің басшысы бұрмалап отыр, дейді зардап шегушінің анасы.

«Бір екі бокал пиво ішкен адамда алкатестер неге көрсетпейді? Әлде соған бұрмалап отыр ма,әлгі Әкебаева Оразгүл деген хирург? Мен сол кісіге ғана өкпелімін! Ол айтады: «қызыңызды аман алып қалғанымызға рахмет айтпайсыз ба, қазаққа жақсылық жасасаң да жақпайды», деп қояды. «Қызыңыз бетімен кеткен, ота бойы бізді боқтады» деп қояды» – зардап шегушінің анасы Гүлсара Ержанова.

Тағы оқыңыз:

Бұдан былай мемлекеттік қызметкерлердің алған сыйлығы да пара деп есептеледі

Астанада мұқабасы адам терісінен жасалған кітап халықты таңғалдырды

Қарағандылық қария сыртқы киімсіз жүрсе де қырық градус аязда тоңбайды

Талқылау