Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысты

Қарағанды облысында жолаушылар автобуыс мен жүк көлігі соқтығысып қалды. Оқиға кезінде автобус ішінде 45 адам болған, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап Stan.kz.

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысты

Оқиға бүгін,  21 қарашада, сағат 08:00 шамасында Бұқар жырау ауданында Қызылорда-Павлодар автожолының 982-шақырымында орын алған. Қушоқы-Қарағанды бағытындағы жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты.

Оқиға салдарынан бір адам қайтыс болып, 9-ы зардап шеккен.

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысты

«ЖКО-салдарынан автобустың екі жолаушысы қысылып қалған. Қарағанды облыстық ТЖД шұғыл-құтқару жасағанының және апаттық медицина орталығының қызметкерлерінің күшімен олар шығарылды. Оқиға орнында 1990 жылғы бір жолаушы көз жұмды. Тағы 9 адам, оның біреуі бала, түрлі жарақатпен Қарағандыдағы №1 қалалық ауруханаға жеткізілді», – делінеді хабарламада.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау