Қарағанды облысында тиісті екпе алмаған 3 бала туберкулезге шалдықты

Сенбі, 28 Қазан , 2017 21:15

Қарағанды облысында тиісті екпе алмаған 3 бала туберкулезге шалдықты.

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Қарағанды облысында балаларына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналар саны артты. Биыл осындай 350 оқиға тіркелді. Ал тиісті вакцина алмаған 3 бүлдіршін туберкулез дертіне шалдыққан. Бұл туралы Қарағанды облыстық денсаулық басқармасының бастығы Ержан Нұрлыбаев арнайы брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, дерт жұқтырған балалар тиісті ем шаралар қабылдап жатыр. Болған жайттан кейін әйелдер өз шешімдеріне өкінетіндерін білдірген. Олар таныстары мен құрбыларының кеңесінен кейін екпеге күдікпен қарағандарын мойындаған.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, биыл елде екпе алған 17 000 баланың тек үшеуінде ғана теріс реакция байқалған. Сондықтан дәрігерлер аналарға тиісті ем-шаралардан бас тартпауға кеңес береді.

«Бар мәселе аналардың қате пікірінде. Олар ғаламтордан оқып алады немесе құрбыларының тіліне ереді. Осындай жағдайлардан кейін, міне, 3 бала туберкулезбен ауырып қалды. Бұл жауапсыздық, әрі ол үшін ата-аналар жазаға тартылуы керек деп санаймын», – дейді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.

Жіберіп алмаңыз:

Енді «шуба» жарнамалағандар жауапқа тартылады

Ақмола облысында мамонттың сүйектері табылды

Әліпби оқимыз: латынға арналған бейнеролик жарияланды

Талдықорғанда өз ұлын зорлаған мектеп директоры сотталып жатыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар