Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында сабақ үстінде мектептің төбесі опырылып құлап түсті

Қарағанды облысында сабақ үстінде мектептің төбесі опырылып түсіп, үш бала жарақат алды. Бірінің басы жарылып, екіншісінің арқасына зақым келіп, ендігі бірі қолын қанатып алған.

Оқиға Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданы, Көкпекті елді мекенінде тіркелді. Жарты ғасыр бұрын салынған білім ордасы осы күнге дейін ешқандай күрделі жөндеу көрмепті, деп хабарлайды Евразия арнасы.

Оған тиісті қаражат та бөлінбей келген. Балаларының болашағына алаңдаған ата-аналар, арнамызға осылай деп хабарласты. Айтуларынша, осыған дейін білім ордасының қазіргі күйіне мән бермей келген мектеп басшылығы болған жайт туралы ата-аналарды хабардар етпеген. Тіпті, кешірім сұрауға да жарамады, дейді.

«Қазір әр сыныптың ата-аналарынының басын қосатын жеке топтар бар емес пе?! Неге бір ауыз сонда жаза салмайды? Мысалы, менің қызым өте қатты жылапты. Шошып қалған. Оны естіп, жүрегім ауырып тұр» – дейді оқушының анасы Ольга Гайнулина.
«Бізден жыл сайын жөндеуге деп ақша жинап алады. Ол қаржыға тек бетін ғана әдемілеп қояды. Ал шын мәнінде мектептің іргетасы, қабырғасына, шатырына бас қатырып отырған ешкім жоқ» – оқушының анасы Светлана Степанова.

Айта кетейік, 1964 жылы салынған мектепте қазір 400-ден астам оқушы білім алуда. Ал жарақат алған балалар дереу ауруханаға жеткізілген екен. Дереу дәрігердің қарауында болып, артынша үйлеріне босатылған. Ал болған жайтқа қатысты мектеп директоры былай дейді.
«Төбе бізде көріп тұрсыздар ғой, жарылайын деп тұрған жоқ. Бізде төбеде сылау жұмыстары жүргізіледі. Ал төбені қырып тастап, сылау жұмыстары жүргізілген жоқ. Өйткені, құлайын деп тұрған белгілер жоқ қой. Көрдіңіз бе? Түсіндіңіз бе? Енді аудандық білім беру бөлімінен басышалар келіп жатыр. Олар келіп қаралып, тексеріліп, тиісті шешім шығарылады. Жөндеу жұмыстары жүргізіледі биылғы жылы» – дейді мектеп директоры Гауһартас Жаймина.

Тағы оқыңыз:

Алматылық жігіт бір қазаққа жерін тегін беретінін айтты

ОҚО тұрғыны тырнаны атқан мергенді құстың киесі ұрғанын айтып берді

Мұхтар Шаханов Оразалинді «Қоразалин», Оразалин Шахановты «Шакалов» деп атады

Талқылау