Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында оқушылар асханасы мен дәретханасы жоқ ескі ғимаратта білім алуға мәжбүр

Жөндеуіне мемлекет миллиондаған ақша бөлген мектеп жаңа оқу жылынына дайын болмай, балалар әкімшіліктің ескі ғимаратында білім алуға мәжбүр. Бұл Қарағанды облысындағы Тұзды ауылындағы жағдай. Ата-аналардың айтуынша, бұған дейін оқушыларды көршілес ауылға автобуспен алып барып оқытамыз деп шенділер уәде еткен екен. Алайда ол уәдесінде тұрмай, оқушылар ешқандай жағдай жасалмаған ескі-құсқы ғимаратта білімдерін ұштап жүр.

Қарағанды облысында ауыл балалары асхана мен дәретханасы жоқ ескі ғимаратта білім алуда

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ата-аналардың сөзінше, мектептің ішінде жылы су тұрмақ, балалар тамақтанатын асхана мен дәретханасы да жоқ. Бірақ оқушылар амалсыз осы жерді мектеп деп атап, білім алуға мәжбүр. Тіпті, оның бөлмелерін сыныпқа ұқсату үшін, жұрт өздері сырлап беріпті. Бірақ есік терезесі ашық, суық мектепте сабақ оқу қиынға түсіп жатқанын балалардың өзі айтып отыр.

«Бұрынғы мектебім ұнайды. Ол жер үлкен әрі жылы. Ал мына жер суық. Ауырып қалуға болады», – дейді оқушы Ақбота Сексенбаева.

Бұған дейін ауылдағы мектептің сонау 1975 жылы тұрғызылғанын, содан бері күрделі жөндеу көрмеген мектепті жаңартуға мемлекеттік бюджеттен 107 миллион теңге бөлгені мәлімденген еді. Бірақ сол кезде нысанды жөндеп үлгермеген мердігер компания және бұл іске жауапты аудандық білім бөлімі жұмысты тез арада аяқтайтынын айтқан болатын. Бірақ жұрттың айтуынша, ол мектеп оқушыларды қабылдауға бүгін ертең дайын болмайтын секілді.

«Екі апта уақыт болды. Бақылап жүрмін. Тындырып жұмыс жасағандары шамалы. Қабырғаларды сылап жатыр. Төбесі әлі сол күйі тұр. Оған жаңбыр жауса,  су кіреді. Мектепте әлі бітпеген шаруа шаш-етектен», – дейді Тұзды аулының тұрғыны Олеся Тканова.

Ал оған дейін аудандық білім бөлімі балаларды көршілес Петровка ауылындағы мектепке автобуспен алып барып оқытамыз деген еді. Бірақ оған көлік бөлінбеген. Одан бөлек білім саласына жауаптылардың бұл ойына біраз ата-ана қарсы болды ұқсайды.

Ал оған дейін аудандық білім бөлімі балаларды көршілес Петровка ауылындағы мектепке автобуспен алып барып оқытамыз деген еді. Бірақ оған көлік бөлінбеген. Одан бөлек білім саласына жауаптылардың бұл ойына біраз ата-ана қарсы болды ұқсайды.

«Әрине, бәрімізге оңай соқпады. Ойымыз сан-саққа кетті, шыны керек. Анда апарып, мұнда апарып оқытамыз деді. Баланың өзі қиналды», – дейді Тұзды ауылының тұрғыны Сандуғаш Қарабаева.

Тендерді ұтып алған «Ақсай» ЖШС соның 70 миллион 168 мыңына білім ордасын жөндеуге келіскен. Аудандық білім бөліміндегілер жұмыстың неліктен кеш басталғанын экспертиза жұмыстары ұзаққа созылып кетткенімен түсіндірген еді.

«Жобалық экспертиза жұмыстары ұзаққа созылып кетті. Бұған себеп жобалық-сметалық құжаттағы нюанстар көп. Енді алдағы бір айдай уақытта үлгереміз», – дейді Бұқар жырау аудандық білім бөлімінің жетекшісі Әсет Ахметов.

Жауаптылар осылайша  бір ай көлемінде мектеп дайын болатынын сөз етті. Алайда жұмыс созылып кетсе, ескі ғимаратта білім алып жүрген оқушылардың жайы қалай болатынын жұрт қазірден уайымдай бастаған. Себебі от жағылмайтын жылуы жоқ мектепте сабақ оқып жүрген балалардың кейбірі тұмау тигізіп, сырқаттана бастаған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау